Жаңажылдық сәндеуге 500 000 ойыншық жұмсалды (видео)

Жаңажылдық сәндеуге 500 000 ойыншық жұмсалды (видео)

Жарты миллион отшашумен, ойыншықтармен үйін сәндеген аустралиялық отбасы Гиннестің рекордтар кітабына енді. Канберре қаласының тұрғындары мұны жасауға бір ай уақыт жұмсаған.

Дэвид Ричардстың отбасы 2011 жылы 331 038 ойыншықпен үйлерін сәндеген болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 346 283 отшашуға жетіпті. Тағы бір рекордқа қол жеткізгісі келген Дэвид бұл жылы 502 165 ойыншық пен 50 шақырымдық сым темірді жұмсап отыр. 

Жоғарыда айтылғандай, мерекелік ойыншықтарды түзуге бір ай уақыт кеткен. Қазан айында басталған жұмысқа жексенбі күндері де қосылыпты.

Көздің жауын алатын жаңажылдық кереметке артық төлем жұмсалуда. Дэвид тоқ көзін төлеуге айына 2 200 доллардай қаржы жұмсайды екен. Бірақ келім-кетім қонақтан түскен қаржы одан да асып түсетін көрінеді - 90 000 доллар. Дэвид оның көп бөлігін қайырымдылыққа аударады.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: boiseweekly.com; cbc.ca

Л. Лига