Құс бейнекамераны ұрлап кетті (видео)

Құс бейнекамераны ұрлап кетті (видео)

Аустралияда қызық оқиға орын алды. Белгісіз құс бейнекамераны бүріп алып, 100 шақырымға жуық жерді басып өткен. Ал бұл кезде бейнекамера қосулы болыпты.

Бейнакамераға құстың қанаты мен шүйіле қараған басы түсіпті. Ал бейнекамераны жабайы табиғатты қорғаушылар ұйымының мамандары жергілікті қолтырауындарды бақылау үшін Маргарет-Ривер аумағына мамыр айында орнатқан көрінеді. Құрылғы жоғалғаннан кейін, өзенге түсіп кетті деген болжам жасапты. Кейіннен бейнекамераны аталған аумақтан 110 шақырымдай қашықтықтан тапқаннан кейін мамандар бұл қызыққа таңданып отыр. Алдағы уақытта олар осы сынды бейнекамераларды бұрандамен бекітіп орнатпақ.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: prikol.bigmir.net

О. Сансызбай