Шанхайда қағаздан жасалған бұйымдар көрмесі өтті

Шанхайда қағаздан жасалған бұйымдар көрмесі өтті

Жақында Шанхай қаласында "Paper Infinite Invitation Exhibition" атты қағаздан жасалған бұйымдар көрмесі өтті. Көпшіліктің көңілін «Бақ» («The Garden») атты туындысын таныстырған "Super Nature Design" компаниясы жаулап алды. Аталған компания қағаздан жасалған қоршаудың ішіндегі орхидея гүлін таныстырды.


"Super Nature Design" компаниясы ең алдымен қағаздан ою жасау өнеріндегі дәлдігімен, инсталляциясымен таңғалдырды. Суреттегі тік қоршаудың бірдей көлемде жасалып, гүлді қоршап тұрғанына мән беріңіз. Қағаздың қаттылығынан бөлек, тепе-теңдікті сақтауына да мән берген. Түсі ақ болса да, жарықтың арқасында солғын түске боялған.


Ал кестелеп қиылған өрнектері қауырсындай жеңілдік пен нәзіктік сыйлап тұр. Өзіне түсірілген жарықтың арқасында композицияның тағы бір элементіне айналған көлеңкесі бар.


Бірегей туындының «Бақ» деп аталуын осы туындының авторлары былай деп түсіндіреді: «Әр адамның жүрегінде махаббаттан салынған сарай бар. Сол сарайдың болашақта гүлденуі адамға әсер еткен махаббатпен тікелей байланысты. Махаббат өсе келе түрлі гүлдері бар баққа айналады. Ал айналамызда тыныштық орнаған сәтте әрқайсымыз мына өмірді ұмытып, жүрегіміздегі баққа барып тыныстаймыз. Сол бақтан ләззат алып, өмірімізді саралаймыз. Бұл туындыны жасаудағы басты мақсатымыз күйбең тіршілік иелеріне ой салу болды».

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: izuminki.ru

Қ. Бүйенбай