Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Адамзат Жер бетінен жоғалар болса...

Адамзат Жер бетінен жоғалар болса...

Адамзат Жер бетінен жоғалар болса...

Әлемде ештеңе де мәңгілік емес. Уақыты келгенде барлығы да өшеді, сөнеді, жоғалады. Ал бетін аулақ қылсын, егер адамзат баласы жер бетінен жоғалар болса, әлем қандай күйге енбек?

48 сағаттан соң: жер асты сулары метро жолдарына жинала бастайды. Түрлі жер асты жолдары ақаулары орын алады.

1 аптадан соң: жылу станциялары мен жарық беру жүйелері өз жұмысын тоқтатады.

1 жылдан соң: электр бағаналары құлап, жоғары вольтты сымдар үзіле бастайды. Қалаларды жануарлар мекендейді. Ғаламшарда 10 миллионнан астам ғана құстар қалады.

10 жылдан соң: биік ғимараттарға сызаттар түсіп, суық мекендерде газ құбырлары жарыла бастайды. Сонымен қатар тарақандар суыққа шыдамай өмір сүруін тоқтатады.

20 жылдан соң: түрлі металдардан жасалған ескерткіштер мен бағаналар құлайды.

1 ғасырдан соң: түрлі жыртқыш ірі аңдардың саны күрт көбейеді. Мысалы, піл саны жиырма есе артады. Керісінше ұсақ аңдар мен жануарлар саны азая түседі.

300 жылдан соң: көптеген қалаларды су басып, жер бетінен жоғала бастайды. Алып көпірлер құлайды.

5 ғасырдан кейін: жер бетінде ағаштар көбейеді. Қалаларды түгелімен ормандар басады.

15000 жылдан кейін: жер бетінің кейбір бөліктерін мұздықтар жаба бастайды.

35 000 жылдан соң: жер бетінен адамзат қолымен жасалған дүниелер толығымен жоғалады.

1 00 000 жылдан соң: атмосферадағы ауа-райы бастапқы күйіне енеді. Түрлі улы газдар күшін жояды.

2 милллион жылдан кейін: жер бетінде қалған түрлі пластикалық қалдықтардан өсіп шыққан шөптермен жануарлар қоректенеді.

8,5 миллион жылдан кейін: қоладан жасалған кейбір архитектуралық ескерткіштер осы уақытқа дейін жер қойнауында сақталады.

3 миллиард жылдан соң: жер бетінде тіршілік жалғасады, бәрі де бастапқы адамзат баласы жаратылған табиғатқа оралады.

6,5 миллиард жылдан кейін: Өзге ғаламшарлар әсерінен, Жер ғаламшары күн жүйесінен алыстап, мәңгілікке жоғалады.

Мәңгілік: ғарыш әлемінде жер серіктері саяхатын жасап жүре береді. Бұл адамзат баласының өмір сүргенінің бір ғана дәлелі мен куәгері болмақ. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: facte.ru

Қосылған күні: 09 қараша 2013, 10:02
Пікірлер
+0
09 қараша 2013, 09:37

о тоба!!! бәрі өлшеулі, бәрі есептеулі, бір-бірінсіз күні жоқ...

+0
09 қараша 2013, 10:01

Құдай сақтасын, қорқынышты екен, денем түршігіп кетті :?

+0
09 қараша 2013, 11:31

сұмдық!

+0
09 қараша 2013, 12:57

Бір болары анық қой

+0
09 қараша 2013, 12:58

иәәә... кейде мен өлгенше болмай тұрса екен деп тілейтінім бар, мына сұмдықты көре алмаспын...

+0
09 қараша 2013, 13:09

дәл мұндай болмайды :!: 100%сенімді айталам 8-)

+0
09 қараша 2013, 13:11

қойш? Қайдан білесің? :shock:

+0
09 қараша 2013, 16:29

Әйтеуiр бiр болатын заман ғой... Қорқынышты...

+0
09 қараша 2013, 17:40

Осыларды бір документальный фильмнен көріп едім... шынымен қорқынышты...

+0
11 қараша 2013, 03:16

:( коркынышты соондаай :|

+0
11 қараша 2013, 12:09

расымен қорқынышты. бірақ адамзаттың табиғатқа тигізіп жатқан өлшеусіз залалын ойласам, ең алғашқы, таза, пәк жаратылысына қайта оралса екен бір күндері деп тілеймін. Жер-Анамыздың біз естімей жатқан зарының қасында біздер кімбіз?!..

+0
11 қараша 2013, 13:53

:o :( :( :( :( :(

+0
13 мамыр 2014, 21:31

қорқыныштыыы ғооойй :(

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.