Мерзімі 120-140 жылға жететін қағаздар

Мерзімі 120-140 жылға жететін қағаздар

Бұл – Самарқанд қаласындағы жібек қағаз дайындап шығаратын фабрика. Соңғы бірнеше ғасырда қағаздың бұл түрі қалай жасалып жүргенін назарларыңызға ұсынамыз. 


Қағаз жасау үшін ең алдымен суреттегі өсімдіктердің сабағы алынады. Сабақтары дәл суреттегідей ұзындықта болуы тиіс.


Бұл өсімдіктерді қыс мезгілінде де өңдей береді. Күзде оларды тазалап дайындап қойса, қыста қайнатады. Бір мезгілге толықтай жетеді.


Өсімдік сабақтарын суға салып қойса, қабығы жылдам аршылады әрі суреттегі құралдың көмегімен өзеннен су алынып, арнайы каналға жіберіледі.


Бұл каналға кіретін жер:


Суланған өсімдік сабақтары келесі кезекте жөндеуге арналған үстелге барады. Бұтақтардың өздері жарамсыз болып, қабықтары ғана пайдаланылады.


Алдыларыңызда дайын болған қабықтар:


Ол өте жұмсақ.


Өсімдік толықтай жұмсарып, тезірек өңделуі үшін суға қайнатылады. 


Алынған талшықтарды суретте тұрған үккіштің көмегімен езу керек. Дөңгелек ағаштың көмегімен тұтқаны басқан кезде үккіштің келсабы жоғары-төмен жылжып іске қосылады.

Судан шыққан талшықтар көз алдымызға жұмсақ пластилинді елестетеді.

Оны су құйылған бөшкеге салып, қою қоспаға айналғанша араластырады. Артынша тордың көмегімен қағазды бөшкеге бірнеше рет батырады. Ол мынадай көрініс табады:


Және мына сыққышқа салынады.

Қағаздар көп болса, жабысып қалмас үшін жеке кептіріледі.

Кейін сыққыштан шыққан қағаздарды әр түрлі биіктікке қойып кептіреді. Әдетте суреттегідей стендке қойылады, бірақ мезгілге байланысты кептіретін орындар да өзгеріп отырады. 

Кепкен қағаздар бір қарағанда қисық, ұсқынсыз әрі жұмсақ терінің талшықтары секілді үрпиген болып келеді.

Cол себепті оны тағы да бір рет өңдеу керек.


Шығару үшін қағаз қажет болады. Суреттегінің бірі біз қолданып жүрген болса, келесісі енді ғана дайындалып жатқан қағаз. Жібек қағаздың қазіргі біз қолданып жүрген қағаздан бірнеше артықшылығы бар. Әдеттегі қолданылатын қағаздардың түсі қанық болып келетіндіктен, оқып отырғанда көзді ауыртып жібереді, ал жібек қағаз керісінше, көзге жайлылық сыйлайды. Тағы бір артықшылығы, әдеттегі қағаздардың сақтау мерзімі 30-40 жыл болса, бұл қағаздардың мерзімі 120-140 жыл. Мұнымен қатар, самарқандық қағаздарға сияға матырылған қауырсынның көмегімен жазған уақытта қағаздың келесі бетіне өтіп кетпейді. Сияның қағаздың келесі бетіне өтіп кетуі секілді олқылықтар бұрын-соңды болмаған.


Мынау қағаздан тігілген киімдер:


Хатқалталар:


Және кітап:


Шеткі жиегі өте кең.

Бұл кітапты оқып отырған адам есте сақтау керек мәліметтерді шетіне жазып қою үшін жасалған. Мұндай қағаздар тираж болып шығатын кітаптар үшін жарамайды.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: busilon.ru

Қ. Бүйенбай