Әр елдегі кезекті демалыс мерзімдері

Әр елдегі кезекті демалыс мерзімдері

Балабақшадағы бүлдіршіннен бастап, таң атысымен жұмысқа аттанатын жандар мерзімді демалысты, апта ішіндегі демалыс пен мейрамдағы демалыс күндерді жақсы көреді. Кезекті демалысқа байланысты жер бетіндегі әр мемлекеттің өзіндік заңдары бар. Ол заңдардың да бір-бірінен айырмашылықтары жетерлік. Сол секілді демалыс мерзімдері де әр түрлі.

Әзірге кезекті демалыс АҚШ да ғана берілмейді. Ондағы әр компанияның осыған байланысты шарттары бар. Олардың көпшілігі адамгершілік танытып жылына 10 күн демалыс бергенмен, 25% американдыққа мерзімді демалыс үшін ақы төленбейді.

Құрлығымызбен жапсарлас жатқан Еуропада баланың дүниеге келуі, үйлену, туыстарының қайтыс болуы секілді маңызды себептерге байланысты мерзімді демалыстар қарастырылған. Мұнымен қатар, шылым шекпейтін адамдарға қосымша демалыс күндері беріледі.

Швеция, Дания, Канада, Аустрия секілді мемлекеттерде кемінде 5 апта демалады. Ал филипиндіктер жылына 5 күн, мексикандықтар жылына 6 күн, сингапурліктер 7 күн демалады. Жапония мемлекетінде ұзақ уақыт демалу әдепсіздік деп саналады. Заң бойынша белгіленген 18 күн демалыстың 8 күнін ғана пайдаланады.

Франция: 5 апта демалады. Аптасына 35 сағаттың орнына 39 сағат жұмыс істегендер үшін қосымша 2 апта беріледі.

Ресей: күнтізбе бойынша бекітілген 28 күн демалады. Мұнымен қатар мейрам болған 12 күннің ақшасы төленеді.

Ұлыбритания: күнтізбелік 28 күн мен 8 мейрам күндері демалады.

Италия: кем дегенде 20 жұмыс күні және 13 мейрам күндері демалады.

Израиль: өтіліміне (жұмыс уақытына) байланысты 10-24 күннің арасы.

Жапония: жұмыстың алғашқы жылдары 10 күн, алтыншы жылдан бастап 20 күн демалады.

Үндістан: жылына 12 күн демалады.

Қытай: 11 күн демалады.

Гонконг: 7 күн.

Оңтүстік Корея: 10 күн.

АҚШ: заңмен бекітілген мерзімді демалыс жоқ.

Біздің елімізде жылына кем дегенде 24 күн демалыс беріледі.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: withlove.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тозақ оттары жымыңдайды: Кеселді дерт, ғапыл өлім мен түпсіз үрей
Тозақ оттары жымыңдайды: Кеселді дерт, ғапыл өлім мен түпсіз үрей
Дидар Амантай. Біреудің өмірі
Дидар Амантай. Біреудің өмірі
Кавасаки синдромы жайлы не білу керек?
Кавасаки синдромы жайлы не білу керек?
"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"
"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?