Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Табиғат туған мекендер

Табиғат туған мекендер

Табиғат туған мекендер

Әр күн сайын Жер бетінде жаңа геологиялық ашылулар болып жатады. Бүгінгі жазбада сіздер үшін солардың ең кереметтерін таңдап алып отырмыз. Оның бәрі де табиғаттың төл тумасы...

Жаңа Зеландия – Моераки қойтастары

 

Суреттегі ерекше дөңгелек келген қойтастардың диаметрі екі метрге дейін жетеді. Олар Жаңа Зеландияның шығыс жағалауындағы Моераки аталатын жерден табылды. Тастардың қалай пайда болғандығы туралы маори халқында көптеген аңыздар айтылады. Алайда, ғалымдар бұл қойтастар жағалаулық эрозияның әсерінен пайда болды деген тұжырымға келіп отыр.

Египет – Ақ шөл


Ақ шөл – Сахараның шығысындағы Фарфара қаласынан 45 шақырым жерде жатқан шағын аймақ. Әлем туристерін аузына қаратқан дала аппақ түсті түзілістерімен ерекшеленеді. Бір кездері бұл жерлерде мұхиттың түбі болды, және ақ жыныстар сол теңіз микроағзаларының қалдықтары. Мыңдаған ғасырлар соқпағындағы құмды дауылдар әктасты тауларды осында жатпланеталық пейзажға айналдырып жіберген.

Солтүстік Ирландия – Алыптар соқпағы


Алыптар соқпағында 40 мыңнан астам бір-бірімен байланысқан базальтті бағаналар бар. Олар ежелде болған жанартаудың әсерінен түзілген. Ал бағаналардың шыңынан теңізге қарай жүретін тас жолдарды байқауға болады. 1986 жылы аймақ ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы ретінде жарияланды.

Гуйлинь провинциясы, Қытай – қамысты сырнайдың үңгірі


Қамысты сырнайдың үңгірі бір қарағанда фантастикалық фильмнің декорациясын еске салады. Алайда, бұл табиғи түзіліс. Бір кездері мұнда мұхит болып, біраз уақыттан кейін суы тартылып қалады. Сол кезде жабайы шатқалды таулар, үңгірлер, жартастар түзіледі. Ал әңгімемізге арқау болып отырған ертегідегідей көрініс XII ғасырдан бері танылып келеді. Үңгірдің атауына сол үңгірден шығатын орында өсетін қамыстар арқау болып отыр. Шеберлер олардан әуезді сырнайлар жасаған.

Калифорния – Моно өзені


Моно – мұхитқа шықпайтын, суы аз, айдынды өзен. Мұндай оңашалыққа судағы тұз концентрациясы себеп болып отыр. Сілтілердің әсерінен суда балық мекендемейтіндігімен ерекшеленеді және өзенде таңғажайып экожүйе бар. Ондағы ащы суды сүйетін асшаяндар екі миллионнан астам құстарды "асырап" отыр. Өзен ғажайыптарының бірі – өзен суының деңгейін төмендегенде пайда болған әктасты-туфты мұнаралар.

Вайоминг – Әзәзіл мұнарасы


Жанартау тумасы саналатын жиынтық АҚШ-тың "ұлттық монументі" саналады. Әзәзіл мұнарасы осыдан 200 миллион жылдар бұрын пайда болған. Жер астынан магматикалық балқымалар шығып, көрікті мұнара қалпында қатып қалады.

Үнділік аңыздарға сенсек, ықылым замандарда жеті кішкентай қыз аюдан құтылу үшін үшкір тастың үстіне шығып алады. Олар тастан құтқаруын сұрап, жалынады. Осы уақтта тас өздігінен өсіп, көкке жеткен екен. Ал бағанадағы вертикалды атыздар аю тырнағының іздері деп айтылады.

Ұлы Мұхит жолы, Аустралия – Он екі апостол

Он екі апостол – Аустралиядағы Виктория штатындағы Ұлы Мұхит жолы (Ұлттық Порт-Кемпбелл саябағы) жағалауында орналасқан әктасты жартастар тобы. Жартастар эрозия нәтижесінде пайда болған. Өте қатты қарқынмен соққан мұхит желі жұмсақ жыныстарды кептіріп, үңгірлерді дарбазаға айналдырды. Кейіннен ол дарбазалар қирап, бүгін біз куә болып отырған 45 метрлік құрылыстар қалып қойды.

Мексика – Кристаллдар үңгірі

2000 жылы Чиуауа атты мексикандық шөлдің 300 метр тереңдігінде әлемдегі ең үлкен кристаллдардың үңгірі табылды. Бұл үңгір Naica атты шахат кешенінің құрамына енеді және 1385 метр биіктікте орналасқан.

Негізінде, 1794 жылдары үңгір аты көпшілікке күміс, қорғасын мен мырыш өндіретін шахта ретінде белгілі болатын. 1910-1917 жылдары болған мексикандық көтерілістен кейін шахта жабылып қалады. Бір ғасыр бойы терең ұйқыда жатқан үңгірді 2000 жылы зерттеуші Хуан және Педро Санчес тауып алып, бұрғылау жұмыстарын жүргізеді. Ғалымдардың айтуынша, олар осыдан жарты миллион жыл бұрын жылы (52 градустық) және суық сулардың, қанық сульфидтер мен оттектің жапсарларынан пайда болған екен.

Түркіменстан – Дарваз үңгірі


Атағы көпке танымал Дарваз үңгірі Қарақұм шөлінің қақ ортасында орналасқан үңгірдің диаметрі - 60 метр болса, тереңдігі - 20 метрге жетеді. Құдықтағы газ жердің өзінен бірнеше факельдерге жарылып шығып жатыр. Жеке жалындардың биіктігі - 10-15 метрден асады. Жергілікті тұрғындар бұл өңірді "Тозақтың қақпасы" деп айтатын көрінеді.

1971 жылы Түркменстан геологтары газ өндіру мақсатында арнайы ұңғыманы бұрғылау жұмыстарын бастаған болатын. Олар қызу жұмыс барысында жерасты кавернасына (бұзылған органикалық жасушалардағы тесік, қуыс) тап болады. Бұрғылау мұнарасы да, басқа да құралдар да төменге түсіп кетеді. Аз уақыттан кейін техногенді жанар таудың аузынан (кратер) табиғи газ шыға бастайды. Абдырап қалған геологтар ешкім уланып қалмас үшін оны жағып жіберген көрінеді. Міне, содан бері көшпенділер мен туристер қауымының үрейін ұшырып жүрген алау еш өшкен емес.

Филиппин – Шоколадты белестер


Шоколадты белестер – филиппиндік Бохоль провинциясындағы геологиялық түзіліс, Осында 1260 дөң 50 шаршы шақырымды алып жатыр. Құрғақ маусымдарда шөптердің жасыл түстері шоколад түстес болып кетеді. Атау да осы көрініске орай берілген.

Боливия – Солончак Уюни


Әлемдегі ең тұзды көлі тағы бір жатғаламшарлық көрініс сыйлайды. Көл Солончак Уюни деп аталады. Құрғап қалған көл 8 метр қалыңдықты құраған кәдуілгі тұз. Ал жаңбыр жауған кездерде бұл көл әлемдегі ең үлкен айнаға айналады да кетеді. Көлдің дәл ортасында тұрған сәтте аспан жоғарыда да, төменде де болғандықтан, адамның алған әсері жайлы артық әңгіме айтпай-ақ қоялық. Алып жатқан аумағы – 10 582 шаршы шақырымды құрайды.

 Қытай – Тас орман


Тас орман Қытайдағы Юньнань провинциясында "өсіп жатыр" және 350 шаршы шақырымға дейін созылады. Сансыз әктасты құрылыстар бірнеше ғасырлық эрозия мен теңіз суының  шаюынан пайда болған. Биік таулар жер астынан өсіп шыққан талдарға ұқсайды. Онда апарар жол өте қиын әрі ауыр, барып-келу үшін екі күн уақыт кететін көрінеді.

Йемен – Сокотра аралдары


Аймақ Африка Рогасынан 240 шақырым жерде, яғни, Үнді мұхитында орналасқан және Йемен мемлекетінің меншігіне кіреді. Адам баласы алты миллион жыл бойы аяқ баспаған жерде таңғалдырарлық пейзаждар мен аң-құс, жануарлардың көптеген түрі сақталған. Аралдар ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұрасы қатарына енген.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: byaki.net, mne-interesno.ru, amazingmeridian.ru, avivas.ru

8980 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 10 қыркүйек 2013, 09:53
Пікірлер
+0
10 қыркүйек 2013, 11:07

Ғажап! Әсіресе тас орман.

+0
10 қыркүйек 2013, 12:22

Тас орман маған да ұнап отыр. Ахх, бәрін көрер ме еді көзбенен

+0
10 қыркүйек 2013, 12:53

Табиғат - тылсым дүние!

+0
10 қыркүйек 2013, 15:28

Керемет)

+0
11 қыркүйек 2013, 13:52

Әддддемi...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев