Табиғат туған үңгір

Табиғат туған үңгір

2000 жылы Чиуауа атты мексикандық шөлдің 300 метр тереңдігінде әлемдегі ең үлкен кристалдардың үңгірі табылды. Бұл үңгір Naica атты шахат кешенінің құрамына енеді және 1385 метр биіктікте орналасқан.

Негізінде, 1794 жылдары үңгір аты көпшілікке күміс, қорғасын мен мырыш өндіретін шахта ретінде белгілі болатын. 1910-1917 жылдары болған мексикандық революциядан кейін шахта жабылып қалады. Бір ғасыр бойы терең ұйқыда жатқан үңгірді 2000 жылы зерттеуші Хуан және Педро Санчес тауып алып, бұрғылау жұмыстарын жүргізеді.

Қос ғалым 300 метр тереңдіктен табылған дүниелерге қатты таңырқайды. Үңгір қуыстарын толықтай жауып жатқан ұзындығы 10 метрге, диматері бір жарым метрге жететін гипстік кристалдардың адам нанғысыз көлемдері мен фантастикалық сұлулығы сізді де бей-жай қалдырмайды деп сенеміз. Бұл кристалдардың әрбірінің салмағы 55 тоннадан асады. Жартылай мөлдір кристалдардың ең негізгі түстері: ақ, көгілдір, алтын түсті.

Ғалымдардың айтуынша, олар осыдан жарты миллион жыл бұрын жылы (52 градустық) және  суық сулардың, қанық сульфидтер мен оттектің жапсарларынан пайда болған екен.

Алып кристалдардың түзілуіне тағы да бір себепкер - үңгірдің қайталанбас климаты десе де болады. 90% ылғалдылық және ауадағы күкіртті сутектің көп мөлшері де бұған әсер етпей қоймайды. Үңгір ішіне арнайы құрылғылар мен киімдерсіз кірген адам 10-15 минуттан кейін бақилық болып кетеді екен.

Үңгір ішінде зерттеу жұмыстары толықтай жүргізіліп бітісімен, үңгір ішін қайтадан суға толтыру жоспарланып отыр.

Суреттер:videla.ru,kirano.ru,worldplaces.ru,danilko5.beon.ru,lightsup.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева