Басқа планетада өмір сүргіңіз келе ме?

Басқа планетада өмір сүргіңіз келе ме?

Термометр бағанасы жоғары көтерілген жаздың аптапты ыстық күндері мен қапырық түндерінде, қыстың қаған аязында, күздің жауын-шашынды күңгірт кезеңдерінде Жерге шағым айтып, бас ауған жақа безіп кеткіміз келіп жатады. Ауа-райына ғана емес, планетаның өзіне лағынет айтып жіберетіндер де болады. Алайда, "Әлемтанудың" бүгінгі жазбасын оқыған кез келген оқырман табиғат құбылыстарына деген көзқарасын өзгертіп, "Жердегі өмір ғажайып!" деп айтатын болады.

1. Шолпан Жерге жақын орналасып қана қоймай, көлемі жөнінен де ұқсас келеді. Сондықтан да, ұзақ уақыт бойы бұл планета адамдарға "екінші баспана" бола алады деп айтылып келді. Мұнда үнемі жанартаулар атқылып, ауа температурасы 450 градустан түспейді. Атмосфераның өзі толықтай көмірқышқыл газынан тұрады. Айтыңызшы, Жерді тастап, Шолпанға кетер ме едіңіз?

2. COROT-7b Жерден 489 жыл қашықтықта орналасқан. Планетаның температурасы 2500 градусты көрсетіп тұрады және жанартаулармен, лавалармен, қыздырылған жыныстармен толтырылған. Мұндағы бір жыл уақыт көзді ашып-жұмғанша өте шығады, яғни 20 сағатқа ғана созылады.

3. TrES-2b өзінің күңгірт келбеті үшін "Әзәзіл Планета" деген екінші атқа ие болған. Мұншалықты қанық, қорқынышты түстің қашан, қалай пайда болғандығы әлі күнге дейін анықталмай келеді. Планетаны қара басқанымен, өте ыстық келеді. Атмосферасы температурасы шамамен 1000 градусты қайталап тұрады.

4. WASP-12b – жұмыртқа пішінді планета. Ол толықтай адам нанғысыз ыстық көміртектен тұрады.

5. Kepler-16b – өте суық планета. Көлемі Сатурнмен шамалас келеді. Ондағы қалыпты температура  минус 200 градусты көрсетеді. 

6. Kepler-10b біздің туған планетамыздан 1.4 есе үлкен және бірнеше есе мықты келеді. Оның беті қыздырылған лавамен жабылған. Бұл жерде бізге жақсы таныс көптеген металл өте тез еріп кетеді. Бұл планетаға бір түн қонатын болсаңыз, таңертең бір жасқа үлкен болып оянасыз. Себебі, ондағы бір жыл 20 сағатқа татиды.

7. Kepler-7b немесе «Инферно Дөңгелегі» – адам сенгісіз жарық планета. Ол ыстық сутек пен гелийден тұрады. Планета бетінің орташа температурасы 1500 градусты құрайды.

8. CFBDSIR2149 планетасына қашып кетуге қалай қарайсыз? Ғалымдар планетаның қызыл қоңыр ергежейлілердің қатарына жататындығын айтады. Алайда, белгілі себептерге байланысты жұлдыз болмай қалған. Оның беті 450 градусқа дейін қыздырылған.

9. HD 189773b планетасына алыстан қарап отырып, «Айналасын бұлт қоршаған бұл қандай әлем? Бетінде су бар ма?» деп ойлап қалуыңыз мүмкін. Өкінішке орай, бұл жай ғана әдемі елес. Шын мәнінде, планетаны 1000 градус ыстық билейді. Сондай-ақ, атмосферада әйнектен жаңбыр тамшыларын жасайтын силикатты бөліктер бар.

10. Kepler-13b – газ бен 2800 градус температура патшалық құратын алып планета. Бұл экзопланеталар жүйесіндегі ең ыстық планета болып табылады.

Не дейсіз, оқырман? Жерге өкпеңізді айтып, біржола тастап кете аласыз ба?

Суреттер:byaki.net,anubis.sokrytoe.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Жарақат алған жұмысшының еңбекақысы қалай беріледі?
Жарақат алған жұмысшының еңбекақысы қалай беріледі?
Елімізде кинотеатрлар 26 қазанда ашылады
Елімізде кинотеатрлар 26 қазанда ашылады
SpaceX орбитаға тағы 60 жерсерік шығарды
SpaceX орбитаға тағы 60 жерсерік шығарды
Көлікті алдын ала тапсырыспен алу соқыр сенім бе әлде тиімді салым ба?
Көлікті алдын ала тапсырыспен алу соқыр сенім бе әлде тиімді салым ба?
Дене тәрбиесі жайлы нақыл сөздер
Дене тәрбиесі жайлы нақыл сөздер
Жерге тоңазытқыш көлеміндей астероид жақындап келеді
Жерге тоңазытқыш көлеміндей астероид жақындап келеді