Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Аңызға бермес Изабелла жылқысы

Аңызға бермес Изабелла жылқысы

 Аңызға бермес Изабелла жылқысы

Жылқының Изабелла түсті түрі әлемдегі ең әдемі ат. Суретте (жоғарыда) ақалтеке жылқының изабелла түрі көрсетілген, бұл түр тек осы тұқымда кездесе бермейді. Бұл аттың сұлулығы мен болмысы туралы әңгіме бөлек. Сонымен, осы сұлу жануарды тамашалауға және ол туралы мәлімет білуге шақырамыз...

Изабелла түсті жылқы түрі расында да әлемде өте сирек кездеседі. Дәл осы жануардың жүні ғана сүттің түсіндей немесе крем түстес болып келеді. Аттың терісі түгелдей дерлік қызғылт болса, көздері көкпеңбек. Осы түрдегі жылқының терісі негізінен сұр, тіпті болмаса ақтаңдақ, ашық реңкті болып келеді, ал изабелла түрдегі жылқының қызғылт терісі мен көк көздерін көрген адам ертегі еліндегі жануарды көргендей тамсанатыны рас.

Тіпті мұндай жылқының жасыл түсті көзі барлары кездеседі екен. Бұл жануардың құйрығы дене бітімінің түсіндей болады, ал кейде ақшыл болып келеді. Түс туралы айтқанда оның әртүрлі жарықта әрқалай жарқырайтын қасиетін қосу ләзім. Себебі жылқы ашық аспан астында күмістей жылтырап, кеңістік ішінде сүттей немесе піл сүйегінің түсіндей қалыпқа енеді екен. Көп адам, тіпті мамандардың өзі бұл жылқы түрін альбинос жылқысымен жиі шатастырады. Бірақ олар бір-біріне ұқсағанымен, генетикалық жолда екі бөлек тұқым екені анықталған. Олардың құлыны туғанда терісі алқызыл түсте болса, көздері қара көк реңкке жақындау келеді.

Америкада «кремелло» деген термин қолданылады, оның негізгі мағынасы тұқымынан сарғыш түсті дегенді білдіреді. Мұндай түр тек генетикалық жолмен және ұрпағының түсіне қарай ажыратылатын жағдайда екен. Көбінде мұндай ең сұлу жануарды Ақалтеке тұқымында кездестіреміз.

Генотиптері:
eeAACrCr
eeAaCrCr
eeaaCrCr

Сонымен қатар, осы жылқы түріне қатты ұқсас америкалық «кремелло» түсті жылқылары бар.

Дәл осы «изабеллалық түр» деген атау испандық ханшайым Изабелланың атына байланысты осылай қойылған. Аңыз бойынша, Изабелла ханшайым үш жыл бойы көйлек ауыстырмаймын деп серт береді екен. Дәл сол көйлегінің түсі осы жылқы тұқымында болған соң оны изабеллалық түсті жылқы деп атау сақталып келген. Дәл сол ханшайым кезінде жылқының бұл тұқымы ел арасында неше түрлі аңыздарда қолданылып, таныла бастаған-мыс. Шығыс Еуропада аққұба және құла кер аттарды осылай атаған да, біздің жерде мұндай атау ХХ ғасырда ғана тұрақтала бастаған екен.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: peace--earth.blogspot.com

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 18 шілде 2013, 10:10

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.