Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / 2013 жылы қайда саяхаттаймын?

2013 жылы қайда саяхаттаймын?

2013 жылы қайда саяхаттаймын?

Көктем келіп, күн күлімдеп, алты айға жуық уақытқа созылған ұйқымыздан әзер оянып, оң-солымызды түгелдеп жатқан бетіміз осы. Енді біріміз қағаз бен қаламды алдымызға алып, 2013 жылға арналған жоспар тізімін құрудың қамына кірістік. Сол тізімнің көшін бастамаса да, орта тұсында "сұрақ белгісіне" алынған саяхаттың тұрғандығына сеніміміз мол. Қайда барарыңызды білмей басыңыз қатты ма? Саспаңыз, Әлемтану айдары сізге жол көрсетеді.

Саяхаттаудың әмбебабы Lonely Planet-тың көмегіне жүгіне отырып, 2013 жылғы саяхатқа ең ыңғайлы елдердің тізімін назарларыңызға ұсынып көрмекпіз. Біз мұнда елдің мәдени, тарихи құндылықтарына, сервистік көрсеткіштеріне, қолжетімділігіне назар аудардық.

1. Шри-Ланка


Тұла бойы құпия тұнған мекен. Ақ құмды сұлу жағалау, ұлттық асхананың дәмі тіл үйірер тағамдары, хош иісті шәй плантациялары және 200 жылдық тарих пен ЮНЕСКО-ның қорғауындағы құнды 8 мекен. 

2. Черногория


Ойын-сауық пен шытырман оқиғалардың өңірі. Табиғаттың сұлулығы мен құнарлылығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Которлық шығанақ пен Адриатика жағалауының өзі не тұрады? Черногория - Еуропаның ең романтикалық елдерінің бірі саналады.

3. Оңтүстік Корея


Спортпен айналысуға, бой сергітуге таптырмас орын. Дәл осы елде спорт пен туризм индустриясы сапалы және өте тез дамыған. Аталған жердегі балық аулау кәсібі де, гольф та ешкімге дес бермейді. Қонақжай корей халқы сізді өзінің ұлттық дастарханынан құр қалдырмайтындығына сеніңіз.

4. Эквадор


Аспанмен таласқан асқар таулар, асқазан үшін таптырмас мереке. Саяхат сүйер қауымға Анд құшағындағы Котопакси жанартауына барыңыз деп кеңес берер едік. Оның биіктігі - 5000 метр. Көк шалғынның иісі мен таза ауаны армансыз жұтқыңыз келсе, серуенге велосипедпен немесе атпен аттаныңыз.

5. Словакия


Жоғары мәдениет пен шытырман оқиғалар. Шығыс Еуропаның құпиясына қанығамын, танып-білемін десеңіз, Словакияны тізіміңізге іле берсеңіз болады. Братислава жағалауындағы демалыс сізге ерекше көңіл-күй мен сергектік сыйлай алады.

6. Соломон аралдары


Денсаулықты күзететін шипажайлар ордасы. Иә, Соломон аралдары - эко-туризмнің негізгі нүктесі. Онда аяқ бассаңыз, дайвингтен ләззат алып, жанартауларды тамашалап, шытырман оқиғалардың куәгері атанасыз.

7. Исландия


Сапалы туризмге кепілдік бере алады. Жергілікті тұрғындардың қонақжайлылығы, жаңа піскен балық пен қой етінің мұрынды жарар иісі сізді бей-жай қалдырмайды. Мұз бетінде серуендеп, киттердің қимылын бақылап, рафтингпен айналысып, уақытыңызды бос өткізбейсіз.

8. Түркия


Шығыстың мыңжылдық тарихы мен жағажайдағы демалыс таңдайыңызды қақтырмай көрсін! Стамбулға ат басын тірейтін болсаңыз, Осман сұлтанның атымен басталатын өзінше тарихи оқиғалар сізді рухани байыта алады. Түркия жерінің тұрғындары өздерінің мәдениетімен, сәулет өнерімен мақтанады.

9. Мадагаскар


Әлемнің ең үлкен аралдарының біріндегі фауна мен ландшафт ешкімді де бей-жай қалдырмайды.

Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

2577 9
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 12 наурыз 2013, 14:27
Пікірлер
+0
12 наурыз 2013, 15:01

Кореяға барғым келеді

+0
12 наурыз 2013, 16:48

менде :roll:

+0
12 наурыз 2013, 15:08

Туу)жазда міндетті түрде демаламын)

+0
12 наурыз 2013, 15:11

мені Исландия қызықтырып тұр

+0
12 наурыз 2013, 20:29

Кореяның көрінісі әдемі екен

+0
12 наурыз 2013, 21:16

Корея әдемі жер екен :D

+0
14 наурыз 2013, 16:49

түүу, қайда барсам екен :roll:

+0
18 наурыз 2013, 19:23

Онтустик Корея,Эквадор,Соломон аралдары унап калды :mrgreen:

+0
06 сәуір 2013, 22:40

барйне барсам го шйркйн-ай 8-) 8-) 8-)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...