Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Саяхаттауды ұнататын жандардың дерті

Саяхаттауды ұнататын жандардың дерті

Саяхаттауды ұнататын жандардың дерті

Әлемнің түрлі кереметтерін өз көздерімен көріп, жер жүзін аралауды ұнататын жандар түбінде десинхроноз ауруына шалдығуы мүмкін. Адам  баласы бір елден ұшып, басқа елге қонған кезде біраз уақыт жаңа жерге бейімделе алмайды. Сол үшін ұшақтан кейін біраз уақыт (не күн) демалып, күш жинап алу керек.

Ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы, бас ауруы, депрессия десинхроноз дертінің белгісі болып табылады. Бұл уақыттардың ауысуынан, дұрыс ұйықтамағандықтан, ауқаттану тәртібінің өзгеруінен пайда болады.

Әдетте, уақыттың ауысуы, айтарлықтай сезіле қоймайды. Алайда, ұзақ уақыт ұшу кезіндегі ауысқан сағаттық белдеулер адам ағзасына тікелей әсер етеді. Жаңа уақытқа бейімделу үшін екі аптадай уақыт қажет. Ал десинхроноз ұшақтан кейінгі алғашқы екі күнде қатты сезіледі.


Егер де сіз алыс жаққа жол жүргелі жатсаңыз, мына ақыл-кеңестерімізге назар аударыңыз:

  • Сапарға шықпас бұрын, барар мемлекеттің сағаттық белдеуін анықтап алыңыз. Жол жүруге бір күн қалғанда, аздап көз іліп, демалып алыңыз.
  • Жаңа уақытқа бейімделу үшін біраз уақыттың керек екенін ұмытпаңыз.
  • Ұшақта күндіз ұйықтаудың қажеті жоқ. Бұл сіздің ұйқыңызды бұзады.
  • Ұшақта отырған қалпы ұйықтау мойынға, омыртқаға кері әсерін тигізеді. Сондықтан, өзіңізбен бірге жұмсақ жастық алып алғаныңыз жөн.
  • Ұшу уақыты ұзақ болса, жолға жеңіл аяқ киім, еркін киімдер киіңіз.
  • Ұзақ уақыт ұшу барысында орныңыздан тұрып, ары-бері жүріңіз.

Суреттер: bdg.by, primeinfo.net.ru

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 06 наурыз 2012, 10:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->