Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Басыңыздан айырылғыңыз келмесе бармаңыз!

Басыңыздан айырылғыңыз келмесе бармаңыз!

Басыңыздан айырылғыңыз келмесе бармаңыз!

Осыдан бірнеше күн бұрын сіздерге "Барсакелмес" жеріне саяхат жасауды ұсынған болсам, бүгін "Бассыздар алқабына" бірге барып қайтайық демекпін! Жо-жоқ! Бірден келісудің қажеті жоқ. Ойланыңыз, онда баратын болсаңыз, басыңыздан айырыласыз!

Үрей мен құпия, қорқыныш пен қызығушылық толы бұл алқап ХІХ ғасырдың соңында ғана белгілі бола бастады. 1898 жылы алты алтын іздеуші Канада каньонына қазына іздеу мақсатымен сапарға шығады. Оларды көрген жергілікті үндістер бұл өңірдің қауіпті екендігін, адам жанын түршіктірер оқиғалардың болғандығын айтып ескертеді. Бірақ, байлықтың буы тоқтатсын ба? Айтқан сөзге құлақ түрмеген алтау жазық далаға аттанып кетеді. Олар сол кеткеннен мол кетті. Оралмады. Іс-түссіз жоғалып кетті.

Сол күннен бері ол аңғарға бастан аяқ қаруланып кірген жанның өзі тірі келмейтін болды. Тап бір адамды жұтып алатын секілді... Бәрін айт та бірін айт, кейде өлім орнынан адамдардың бастарының табылып жататындығы естіген жұртты дүр сілкіндірді.

"Қарғыс атқан" жерге таяу орналасқан ауыл тұрғындары қорқынышты оқиғалардың себепкері - қар адамы дегенді айтады. Ал полиция қызметкерлері алтын іздеушілер байлықты бөлісе алмай бір-бірін өлтірген немесе өзінің қазынасын қызғыштай қорғайтын үндістердің тірлігі дегендерінен таймай отыр. Бірақ, басқа жоғалған адамдар ше? Олардың алтынға не қатысы бар!?


1978 жылы осы жұмбақты шешу мақсатында доктор Хэнк Мортимердің экспедициясы өз жұмыстарын бастайды. Топта соңғы техникалық құрылғылармен жабдықталған алты адам болды. Жолға шыққан қызметкерлер межелі жерге жақсы жеткендігін, шатыр құрғандарын хабарлайды. Ал кешкісін радиодан: "Кеткендерден хабар жоқ. Үнсіздік..." деген суық хабарлар таратылады.

Дабыл қағылып, сол сәтте әскери бөлім оқиға орнына аттанады. Шатырдың да, экспедиция мүшелерінің де жердің астына түсіп кеткендей ізі қалмаған екен. Алты күн өткен соң олардың бірінің бассыз жатқан денесі табылады.

1997 жылдың наурыз айында Бассыздар алқабына құрамында ең үздік мамандар, ең мықты ғалымдар, әскери адамдар жиналған халықаралық экспедиция аяқ басады. Бір сұмдықтың боларын алдын ала сезген топ барлық қауіпсіздік шараларын ұстанады. Басында бәрі тыныш, бәрі жақсы еді. Алайда үшінші күн өткенде радиограммаға айналаны түк көрінбейтін тұман басып жатқандығы туралы хабар түседі де, байланыс мүлде үзіліп кетеді. Тұман басылғанда алқапқа тікұшақтан зерттеу жүргізіліп, ешбір із, ешбір айғақ таба алмайды.


Зерттеу жұмыстары мұнымен біткен жоқ. Бүгінде үрейлі мекенге ғарыштан бақылау жүргізіліп отыр. Десе де әлі күнге дейін ештеңе анықталмады. Құпияның қашан шешілетіндігі де белгісіз. Қызық... Адамдардың басын жұлып алатын кім ол? Әлде не?....

Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

1361 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 23 наурыз 2013, 12:33
Пікірлер
+0
23 наурыз 2013, 12:50

ааа!қорқынышты)

+0
23 наурыз 2013, 19:14

1998 жылғы зерттеуде адамдар тiрі болса бұнда ешқандай тылсым күштің жоқ болғаны ғой

+0
23 наурыз 2013, 21:56

:shock:

+0
23 наурыз 2013, 22:21

"Бір сұмдықтың боларын алдын ала сезген топ барлық қауіпсіздік шараларын ұстанады." - прикин сумкаларына запасной бас салып жүрсе :lol:

+0
23 наурыз 2013, 22:42

menin bargim keledi

+0
23 наурыз 2013, 22:55

отвачаю тірі кайтпайсың))))

+0
23 наурыз 2013, 23:20

зато не үшін екенін білемгоо

+0
23 наурыз 2013, 23:52

қандай құпия бар екен :?

+0
30 наурыз 2013, 16:08

Биз жакта гой барсакелмес

+0
28 сәуір 2013, 22:45

ма саган осындай жерлер адамды кызыктырады бирак коркынышты :o :o :o :shock: :shock: :shock:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...