Көктем мен жаз мезгілінде FlyArystan-мен қайда  сапар шегуге болады?

Көктем мен жаз мезгілінде FlyArystan-мен қайда  сапар шегуге болады?

Жылы мезгіл басталғалы, саяхатты жоспарлау кезеңі де келіп қалды. FlyArystan-мен қай елге оңай әрі қолжетімді саяхаттауға болады?

1. Баку. Астанадан тікелей рейстер (2 мамырдан бастап аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері) және Ақтаудан (дүйсенбі және жұма күндері). Әзірбайжан астанасына шах палаудан татуға, Ичери-Шехер (ескі қала) бойымен серуендеп қайтуға және Формула-1 Әзірбайжан Гран-приіне баруға шақырамыз.

2. Самарқан. Алматыдан аптасына 2 рет – сәрсенбі және сенбі күндері тікелей рейстер орындалады. Самарқанға барудың ең үздік кезеңі - көктем. Егер Самарқанда болсаңыз, міндетті түрде Регистан алаңына, Шахи-Зинда сәулет кешеніне, Бибі-ханым мешітіне және Сиаб базарына баруды жоспарлаңыз. Сонымен қатар, Бұхара мен Хиуаға тікелей пойызбен баруға тамаша мүмкіндікті де жоғалтып алмаңыз.

3. Ереван. 4 мамырдан бастап бейсенбі және жексенбі күндері Армения астанасына Ақтаудан Airbus ұшақтары ұшады. Маңғыстау облысының тұрғындарынан бөлек, Алматы, Астана, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Орал, қалаларының тұрғындары да ыңғайлы аялдамалы рейстердің арқасында Ереванды тамашалай алады. Біз ежелгі қалаға Арарат тауын, Еревандағы үлкен каскадты, би фонтандарын және басқа да сәулеттік көрікті жерлерді тамашалауға кеңес береміз.

4. Кутаиси. Астана, Ақтау, Атырау және Шымкенттен Кутаисиге қатынайтын рейстерге қоса,  4 маусымнан бастап жаңа Алматы-Кутаиси-Алматы бағыты бойынша рейстердің орындалатынын хабарлаймыз. Оңтүстік астанадан Грузияға рейстер аптасына 2 рет – сәрсенбі және жексенбі күндері орындалады. Енді Кавказ кәуаптарынан дәм тату, Прометей үңгіріне бару, сонымен қатар Еуропаның кез келген қаласына барып қайту - өте оңай әрі тиімдірек.

5. Бішкек. Астана тұрғындары Қырғызстан астанасына енді оңайлықпен саяхаттай алады. Осы бағыт бойынша рейстердің орындалуы 10 маусым күніне жоспарланған. Қолжетімді ұсынысты іссапарға саяхаттайтын жолаушылардан бөлек, туыстарға қонаққа немесе студенттер де екі ел арасында пайдалана алады.

Қазан айының соңына дейін барлық бағыттар бойынша билеттер FlyArystan мобильді қосымшасында немесе flyarystan.com сайтында қолжетімді. Бір жақты билет құны борттағы кездейсоқ орын мен 5 кг –ға дейін (56*23*36см аспайтын) 1 дана қолжүгін қамтиды. Авиакомпанияның кейбір рейстері маусымдық екенін ескеріңіз.

FlyArystan билеттерді алдын ала сатып алу тиімдірек екенін еске салады, себебі жаз, мереке және демалыс күндері жоғары сұранысқа ие. Ұшу күні неғұрлым жақын болса, билет құны соғұрлым жоғары болуы мүмкін.

FlyArystan – әуепаркі 14 Airbus A320 ұшақтарынан тұратын  алғашқы қазақстандық бюджеттік әуекомпания. 2022 жылы тасымалдаушы алғаш рет Airbus зауытынан жаңа ұшақ алды. 2023 жылдың соңына қарай флотты жаңа ұшақтарды қоса алғанда, 19 ұшаққа дейін кеңейтілуі жоспарлануда. Сондай-ақ, 2022 жылы FlyArystan Әуекомпаниясы алғаш рет Skytrax аудитінен өтіп, 4 жұлдыз алды, бұл рейтингті алған әлемдегі 12 лоукостердің бірі болды. Маршрут желісі Қазақстан ішіндегі ішкі рейстерді де, Грузия, Түркия, Әзірбайжан, Біріккен Араб Әмірліктері, Қырғызстан және Өзбекстанға халықаралық бағыттарды да қамтиды.

Т. Раушанұлы