Әлемнің үздік 25 қонақүйі анықталды

Travellers' Choice атты халықаралық сыйлық негізінде әлемнің топ қонақүйлері анықталды. Рейтинг TripAdvisor сайтында, туристердің пікірлері арқылы түзілді. Оған әлемнің үздік 25 қонақүйі кірді.

Коста-Рикадағы Tulemar Bungalows & Villas қонақүйі рейтингтің көшбасшысы атанды. Отель 4700 оң пікірге ие болды. Қонақүй орналасқан жері, тазалығы және қызмет көрсетуі бойынша ең жоғары – 5,0 ұпайды иеленді. Отбасылар үшін қолайлы, ұсынылған жабдықтар тізіміне: гипоаллергенді бөлме, кондиционер, жеке жағажай, қосымша ванна бөлмесі және шағын ас үй кіреді.

Екінші орында Бразилияның Грамадо қаласында орналасқан Colline de France қонақ йі. Ол саяхатшылардан екі жарым мыңдай "өте жақсы" деген баға алды. Қонақ үй сонымен қатар Praca Major Nicoletti (1,4 шақырым) және Chave-Mestra Escape Game Gramado (1,4 шақырым) сияқты көрікті жерлерге жақын орналасқан. Бөлмелерде жарықтан қорғайтын перделер, халаттар, мини-бар және қосымша ұзын төсектер бар.

Үшінші орынды кең құмды жағажайы мен мөлдір теңізі бар грекиялық Ikos Aria жеңіп алды. Курорт "барлығын қамту" негізінде жұмыс істейді. Қонақ үйдегі ыңғайлылық тізіміне бассейн, мейрамхана, бала күту қызметтері кіреді. Көлігі бар туристер үшін – тегін тұрақ қарастырылған. Демалыс орны саяхатшылардан 5,0 ұпай және 1370 оң пікір алды.

Ең жақсы қонақүйлер қатарында Мальдив аралдары, Индонезия, Швейцария, Түркия, Испания, Таиланд және Мысырдағы бірнеше отель бар.