Таиланд астанасының атауы өзгереді

Таиланд астанасының атауы өзгереді
Фото: pattayapeople.ru

Таиланд астанасының ресми атауы Бангкок болмайды. Бұндай шешімге келгенін Корольдік қоғамның кеңсесі (ORST) жариялап, министрлер кабинеті мақұлдады. Бұл туралы Турпром сайты жазды.

Оның орнына қалаға тарихи атау Крунг Тхеп Маха Нахон қайтарылады. Алайда, жаңа ресми атау барлық заң жобасын тексеруге жауапты комитет тексергеннен кейін қабылданатыны белгілі болды.

Жаңалық көпшіліктің көңілінен шықпағаннан кейін билік өкілдері Facebook-тегі парақшасында құжаттардағы Бангкоктың ескі атауын ресми атаудан кейін жақша ішәнде қолдануға болатыны туралы нақтылап кетті.

Айта кетейік, Бангкок атауы 2001 жылдың қарашасынан бастап сол бөлімнің бұйрығымен қолданылып келеді.

Т. Есқали