Жалғыз саяхаттауға қолайлы 10 қала

Сарапшылар жалғыз саяхаттауды ұнататындар үшін 2022 жылғы үздік 10 қаланы атады. Бұл туралы uswitch жазды.  Рейтингті түзу кезінде туристер назар аударатын бес негізгі көрсеткіш ескерілді.

Бағалау критерийлеріне: интернет жылдамдығы, іс-шаралар мен көрікті жерлер саны, қоғамдық көлік құны, тұру орындары және орташа температура енді.

Рим (Италия) секундына 39 мегабитпен интернетке қосылу жылдамдығы, 4220 іс-шара мен баруға болатын орындар, шамамен сегіз мың қонақүйі бар қала ретінде рейтингте бірінші орынды иеленді. Одан кейін Үндістан астанасы Нью-Дели тұр, мұнда қоғамдық көлікпен жүру 35 рупий (200 теңге) тұрады және орташа температура Цельсий бойынша 25 градус. Үздік үштікті Бангкок (Тайланд) қорытындылады.

Жалғыз саяхаттауға қолайлы қалалар тізімі:

1. Рим, Италия)
2. Нью-Дели (Үндістан)
3. Бангкок (Тайланд)
4. Ыстамбұл, Түркия)
5. Джайпур (Үндістан)
6. Афины, (Греция)
7. Дубай, (БАӘ)
8. Флоренция (Италия)
9. Лиссабон (Португалия)
10. Париж, (Франция)