Саяхатшылар үшін ең қауіпті елдер тізімі жарияланды

Саяхатшылар үшін ең қауіпті елдер тізімі жарияланды
Фото: aa.com.tr

Саяхатшылар ең алдымен қаланың қауіпсіздігі мен тарихына мән береді. Numbeo аналитикалық қызметі 2022 жылы саяхаттамас бұрын қауіпті екенін ескеру керек елдер рейтингін ұсынды.

Сарапшылар әртүрлі мемлекеттердегі қылмыстардың статистикасын салыстыра отырып, 2022 жылғы саяхат үшін ең қауіпті елдердің ондығын анықтады. 

Рейтингте Венесуэла көш бастады. Мамандардың сараптамасы бойынша, республикадағы қылмыс көрсеткіші 83,58 ұпай болса, ал қауіпсіздік көрсеткіші сәйкесінше 16,42 ұпайға тең. 

Екінші орында қылмыс көрсеткіші шамамен 81 балмен Папуа-Жаңа Гвинея, одан кейін Ауғанстан (77 бал) және Оңтүстік Африка Республикасы (76 бал) тұр.

Сонымен қатар, саяхатшылар үшін қауіпті елдер ретінде Гондурас (74,1 ұпай), Тринидад және Тобаго (71,3 ұпай), Гайана (68,9 ұпай), Сальвадор (68,6 ұпай), Ямайка (67,8 ұпай) аталды. Туристер барынша абай болу керек алғашқы 10 елдің қатарын Сирия 67,4 балдық қылмыс индексімен толықтырды.

Бұған дейін ең қауіпсіз мемлекеттер тізімі жарияланған болатын. Алғашқы ТОП-5 тізімі мынадай болған: 
1. Норвегия
2. Финляндия
3. Швейцария
4. Дания
5. Люксембург

Саяхатқа аттанбас бұрын міндетті түрде елдің ахуалы мен саяси жағдайына мән беруді ұмытпаңыз.

Т. Есқали