Грекияға саяхат: көрнекті жерлері және бағасы

Грекияға саяхат: көрнекті жерлері және бағасы

Грекия — сауда флоты жағынан дүние жүзіндегі жетекші елдердің бірі. Елге жыл сайын 10 миллионнан аса туристер келіп, қазынаға 4 миллиард доллардан аса кіріс кіргізеді. 

Грекия

Еуропа оңтүстігінде Балқан түбегінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы — 132,0 мың км². Халқы — 10,5 млн. Астанасы — Афина қаласы. Тұрғындарының 95%-дан астамы гректер, қалғандары: түрік, албан, т.б. Ресми тілі — грек тілі.

Ауа-райы

Грекияда жазда ыстық және құрғақ болады. Ең ыстық кезең шілдеден бастап тамыз айының ортасына дейін созылады. Жаздың орташа температурасы +32 °C, қыста +10 °C құрайды. Жауын-шашын мөлшері 350-1500 мм.

Қонақ үй

Греция қонақ үйлері жұлдыздарға емес, санаттарға бөлінеді. Люкс (5 жұлдызды), A (4 жұлдызды), B (3 жұлдызды) және C (2 жұлдызды). «Экскурсия туры» бағдарламасымен барсаңыз әдетте В және С санатындағы қонақ үйлерді ұсынады. Таза және бөлмелерде қажеттінің барлығы бар.

Грекияға бару жолы

Билеттің құны жыл мезгіліне, ұшатын қалаға, авиакомпанияға байланысты. Алматыдан Грекияға демалысқа бару үшін тур сатып алуыңыз керек. Тур бағасына: әуе билеті, қонақ үй, сақтандыру кіреді. Грекияға бару үшін Қазақстан азаматтарына шенген визасын алу қажет. Алматыдан Грекияға ұшу уақыты шамамен 5 сағат.

Көлік қозғалысы

Грекияда автобуспен саяхаттау ыңғайлы оған қоса сапар арзанға түседі. Бірақ ағылшын тілін білетін жүргізушілер өте аз. Қалалық қоғамдық көліктер таңертең 05:30-дан 12:00-ге дейін жүреді. Ал түнде арнайы рейстер бар.

Асханасы

Грек тағамдарына көкөністер, сүт өнімдері, зәйтүн майы, нан мен шарап жатады. Қой, құс, сиыр, шошқа етінен де тағамдар дайындалады.

Қауіпсіздік

Грецияны қауіпсіз елдер қатарына жатқызуға келмейді. Өкінішке орай ұрлық көп орын алады. Әсіресе қонақ үйде, әуежайда, вокзалда, аттракциондарда. Қалта ұрылары қоғамдық көліктерде көп жүреді.

Көрікті жерлері

Құдайлар ауданы, Плака

Плака — Афинадағы ең көне және көрнекті орындардың бірі. Құдайлар аймағындағы ғимараттардың көпшілігі 18 ғасырға жатады. Кәдесыйлар, киімдер, зергерлік бұйымдар сататын дүкендер бар.

Акрополь мұражайы, Афина

Акрополь мұражайы Афинаның ең көп келетін туристік орындарының бірі. Швейцариялық сәулетші Бернард Цхумидің туындысы. Мұражайда мейрамхана бар. Мейрамхананың террасасынан сіз Акрополистің керемет көрінісін тамашалай аласыз.

Мелиссани үңгір көлі

Ғашықтар арасында танымал жер. Осы жерге келіп қолдарын бірге суға салуы керек. Аңыз бойынша бұл рәсім ерлі-зайыптылардың махаббатын күшейтеді.

balbal.kz