Әлемдегі ең қуатты төлқұжаттар

Беделді швейцариялық Henley&Partners компаниясы әлемдегі ең қуатты төлқұжатттар рейтингін жаңартты. Көш басына Жапония төлқұжаты шыққан. Бұл елдің азаматтары 191 мемлекетке визасыз кіре алады. Екінші орынға азаматтары 190 елге визасыз кіре алатын Сингапур жайғасса, үшінші орынды Германия мен Оңтүстік Корея (189 мемлекет) өзара бөліп алды. Сондай-ақ алғашқы ондыққа Финляндия, Италия, Люксембург, Испания, Дания, Ұлыбритания, АҚШ, Бельгия, Канада, Грекия, Ирландия мен Норвегия енген.

Рейтингіні құру барысында Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) ұсынған қозғалыс еркіндігі индексі негізге алынған. Henley&Partners сарапшыларының айтуынша, соңғы жылдары Азия елдері рейтингте тез көтеріліп келеді. Мысалы, Біріккен Араб Әмірлігі мен Сауд Арабиясы 4 сатыға (18-ші және 19-шы орын) көтерілген. Осыдан он жыл бұрын БАӘ рейтингіде бар болғаны 65-ші сатыда болатын.

Қазақстан 67-ші орынға жайғасты. Біздің төлқұжатпен әлемнің 76 мемлекетіне визасыз кіруге болады. ТМД-ның өзге мемлекеттері:

Молдова — 120 (49-ші орын),
Ресей — 119 (51),
Грузия — 116 (53),
Беларусь — 75 (68),
Әзербайжан — 67 (76),
Қырғызстан — 63 (80),
Армения — 62 (81),
Тәжікстан — 58 (84),
Өзбекстан — 57 (85),
Түрікменстан — 52 (90).

Рейтингіде әлемнің 199 мемлекетінің аты аталған. Рейтингті Сирия, Ирак және Ауғанстан қорытындылап тұр.

Бөлісу: