Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Аз ақшамен қыдыруға болатын Еуропа қалалары

Аз ақшамен қыдыруға болатын Еуропа қалалары

Аз ақшамен қыдыруға болатын Еуропа қалалары

Көбіміз Еуропаға барып, қыдырып келу үшін көп қаражат керек деп ойлаймыз. Егер сіз Лондон, Париж, Рим секілді қалаларды таңдасаңыз, солайы солай. Алайда бұл Еуропаны тек қалталы азаматтар ғана көре алады деген сөз емес.

Сплит

Бұл Дубровник қаласының нағыз көшірмесі, оның үстіне Хорватиядағы қалалардың көлемі жөнінен екінші орынды алады. Бұл жер де қызыл шатырлы, ақ қабырғалы үйлерге толы. Шығанақтың көрінісін де тамашалай аласыз. Жағалаулары да қаладан алыс емес. Сплиттің басты мақтанышы Диоклетиан патшаның көнеримдік сарайы. Бұл басқа рим аңыздарындағы сарайларға қарағанда өте жақсы сақталған. Кез келген қонақ үйден бір бөлме жалдау күніне небары $30 құрайды. Ал кафелерден тамақтануға $3-4 жеткілікті.


Любляна

Бұл Словения елінің астанасы туристердің сүйікті жері болмағанымен, кереметтігінен айырылып қалмайды. Мұнда тарихи жерлер, атмосфераға толы мейрамханалар, архитектуралық ескерткіштер көп. Әсіресе Ортағасырлық қамалға назар салмай өте алмайсыз, ол бастапқы қалпынан еш бұзылмаған. Мұнда ағылып жатқан туристер көп болмағандықтан, баға да аса қымбат емес. Люблянадан жатын орында $14-15 қаражатқа табуға болады. Ал кафеден түскі ас ішуге орта есеппен $5-6  кетеді. 


Прага

Чехияның астанасы негізінен атақты қалалардың қатарында, алайда оның бір ғана кемшілігі маусымдық кезеңде туристерден аяқ алып жүру мүмкін емес. Жылдың басқа кезгілінде барсаңыз, емін-еркін демалуға болады. Жатаққа көп дегенде $20 қажет. Ал мейрамханадан түскі ас ішу үшін шамамен $10-12 болса жетіп жатыр.


Лиссабон

Португалияның астанасын кез келген турист барып көре алады. Бұл жерде көптеген әдемі қамалдардың, сарайлардың, тарихи жерлердің бейнесін тамашалауға болады. Ұшақпен бару билеті қалтаға аздап салмақ салуы ықтимал, алайда жетіп алған соң жүріп-тұруға кететін ақша аса көп емес. Қалада арзан қонақ үй, кафе, дүкен жетіп артылады. Бұл жерде қоғамдық транспортпен қыдырған қолайлы. Ол үшін жол жүру жүйесіне кіріп алсаңыз болды. Лиссабонда хостелге орта есеппен $8 төлейсіз, сол $8 түскі ас ішуге де жетеді.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 01 қараша 2019, 10:17

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->