Time – 2019: Саяхатқа арналған 100 ерекше орын

Time – 2019: Саяхатқа арналған 100 ерекше орын
Фото: vk.com

Time журналы саяхатқа арналған үздік 100 орын тізімін жасады.

Рейтинг 3 критерий бойынша сарапталған: көруге арналған, тоқтауға қолайлы, тағамдары дәмді. Тізім Time журналының әлемнің түрлі елдерінде жұмыс істейтін журналистерінің пікірі негізінде жасалған.

Жоғарыда аталған категорияларға сай орындар тізімін бастаған ондықты назарларыңызға ұсынамыз, толық тізімді мына сілтеме арқылы көре аласыздар:

1. Geosea, геотермалды су көзі
Хусавик, Исландия

2. Camp Adventure паркі
Дания

3.Цифрлы өнер музейі
Токио, Жапония

4. Star Wars: Galaxy's Edge Диснейленд паркі
Анахайм, Калифорния

5. SFER IK музейі
Тулум, Мексика

6. Мата Ки Те Ранги халықаралық қара түн қорығы
 Питкэрн аралдары

7.Африкалық өркениет музейі
Дакар, Сенегал

8.Орталық кітапхана
Калгари, Канада

9. Гаосюн ұлттық өнер орталығы
Гаосюн, Тайвань

10. "Чильида-Леку" мүсіндер паркі
Эрнани, Испания

А. Оралқызы