ТОP-10: Таңғажайып аралдар

ТОP-10: Таңғажайып аралдар

Жаз жақындап келеді. Ең жақсы жағажайлар, аквамарин түсіндегі су, ғажайып табиғат, адам жанын емдейтін тыныштық... Жағажайда дем алушылар үшін біз жазғалы отырған ғаламшарымыздың аралдары көмек болары анық. Бұл аралдарға саяхаттағысы келетін адамдарды төмендегідей таңғажайыптар күтеді.

©yandex.by

Санторини, Греция

Бұл грек аралдары өзінің көк түсті есіктері және ақ түсті ғимараттарымен көпшілікке танымал. Санторинида өлі жанартаулар бар, сондықтан қара құмды жағажайларды көп кездестіресіз.

©kolimger.pw

Пхи-Пхи, Тайланд

Тайландтың Краби облысында 6 аралдан тұратын Пхи-Пхи архипелагы орналасқан. Бұл орын Леонардо Ди Каприо қатысуымен түсірілген "Жағажай" фильмінен соң көпшіліктің қызығушылығын тудырып, туристердің саны күрт артқан. Ақ құм, таза су мен керемет пейзаждар, бұл аралды Тайландқа келуші туристер арасында танымал етіп жіберді.

©soulblog.ru

Фиджи

Тынық мұхитындағы 300-ден артық аралдардан құралған Фиджи Республикасының барлық аралдары бірінен бірі өткен әдемі. Жергілікті халық та қонақжай, келушілерді ыстық ықыласпен күтіп алады.

Туристер бұл жерге дайвинг, снорклинг, серфинг және балық аулау үшін келеді. Атақты адамдар папарацциден қашып, дем алу үшін осы Фиджи аралдарын таңдайды екен.

©wallpapercrafter.com

Маврикий

Маврикийді Үнді мұхитының асыл тасы деп есептейді. Қардай аппақ жағажай мен аспан түсті су романтикалық ортаны қалыптастырады. Аралды маржанды жартастар қоршап тұр. Сондықтан су астында саяхаттау сізге естен кетпейтін әсер сыйлайды.

©YouTube

Бали, Индонезия

Балида серфингтен басқа, ежелгі ғибадатханалар да көз жауын алады. Әдемі жағажай, зеріктірмейтін маймылдар, ну орман, Жер шарының басқа жерлерінде кездеспейтін орындар Бали аралына келуші туристер санын жылдан жылға өсіріп жатыр.

©yana.kiev.ua

Мауи, Гавай, АҚШ

Гавай аралдары өзінің "алтын" жағажайлары мен бамбукты ормандарымен танымал. Мауи аралында жанартау кратері бар. Бірақ саяхатшылар бұл аралды шуақты ауа райы мен феруза түсті суы үшін жақсы көреді.

©travelata.ru

Ямайка

Бұл елдегі 11 шақырымдық арал елдің ең көрікті жері саналады. Ямайкаға келушілер жағажай ләззатынан бөлек, ел астанасы Кингстонның бай мәдениетімен де таныса алады.

©Booking.com

Бора-Бора, Француз Полинезиясы

Нағыз сұлулық – ол аспанға шапшыған судағы балықтардың ойыны, тасбақалар мен акулаларды бақылау. Бора-бораға барсаңыз, су астында және пальма ормандарында саяхаттай аласыз. Аралдың ең танымал жері  көк түсті шығанағы.

©tour.yappi-club.ru

Мальдив аралдары

Үнді мұхитында мыңнан артық аралдан құралған Мальдив Республикасы бар. Мальдив аралдары жөніндегі алғашқы жазба деректер XVI ғасырдан басталады. Арал халқының негізін қалаған Үндістан мен Цейлоннан (Шри-Ланка) шыққан ария тайпалары болды. Олар аралдарды Х ғасырдан бастап мекендеді.

Жер бетіндегі ерекше мекендер

Ақ құмды жағажайлар, өзіне баурап алатын тыныштық және жанға жағымды ауа райы бұл жерді Жер шарындағы "Жаннат мекен" деген атпен танымал етті. Аралға қарашадан бастап мамырға дейін келушілердің қарасы көп болады. Бұл уақытта ауа райы құрғақ және жылы болады. Ал маусымнан қазанға дейін муссон жаңбыры толассыз жауады.

©tcc.com.ua

Сейшел аралдары

Сейшел аралдары архипелагына Үнді мұхитында орналасқан 115 арал кіреді. Көптеген жас жұбайлар бұл орынды неке тойын немесе бал айын өткізу үшін таңдайды. Сондықтан аралдар "Махаббат аралдары" деген атпен танымал.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар