Көше өнерінің фестивалі

Көше өнерінің фестивалі

Мәскеу қаласында көше өнерінің фестивалі өз мәресіне жетті. Дәл қазір Ресей астанасына жолыңыз түсе қалса, көшелер безендірілген көздің жауын алардай көптеген ғажайып туындылардың куәгері боласыз.

Көше өнерінің фестивалін жыл сайын өткізіп тұратын бірден-бір мемлекет – Ресей болып саналады.

Жыл сайын ұйымдастырылатын мереке барысында ең мықты деген шеберлер өздерінің жыл бойы дайындаған туындыларын көрмеге қояды.

Биылғы жылғы төрт айға созылған ашық аспан астындағы көрме 2000 кв.м көлемді алып жатты. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, мерекені ұйымдастыру үшін 1500 баллон және 150 литр бояу кеткен екен.

Суреттер:hqroom.ru,magazindomov.ru,supersadovnik.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева