Пауло Коэльо: Саяхатшыларға арналған 7 кеңес

Пауло Коэльо: Саяхатшыларға арналған 7 кеңес
Фото: Venture Far

Бүкіл әлем "пилигрим" деп танитын бразилиялық жазушы Пауло Коэльо романдарын өз саяхаттарының негізінде жазады.

Тәңір жаратқан ғажап ғаламның түкпір-түкпірін аралап, көрмеген қалалардың құпиясын  ашқысы келетіндер үшін Коэльодан артық кеңес бере алатын адам жоқ шығар. 

Мұражайлар аралауды ұмытыңыз

Көптеген туристер саяхатқа шықпас бұрын жаңа қаланы аралау жоспарына міндетті түрде "Мұражай аралау" деген пунктті қосады. Бірақ...

Менің ойымша, қандай абсурд болса да, белгілі бір мекеннің мұражайларда көрсетілетін ескі өмірін емес, қазіргі тынысын сезінген дұрыс емес пе?! Дәл сен барғандаа ол қала қандай еді?! Ең қызығы да сол болуы тиіс секілді.

Шағын асханалардан жүрек жалғаңыз

Қала өмірі мұражайларда емес, шағын асханаларда қайнап жатады. Жұмыстан шаршап шыққан қала  тұрғындары өзі сүйетін кішкене кафеге барып, оның қаласына сен бас сұққан күн қалай өткенін саралап отырады. Бұл ойдың өзі саяхатыңызға романтикалық сарын сыйлайды. Шеттегі бір үстелге жайғасыңыз да, өмір тынысына назар салыңыз.

Жергілікті адамдармен сөйлесіңіз

Жаңа қалада экскурсия жасауда жергілікті адамдарға жетер серік жоқ. Сол қалада туып-өскен, әр көшесін жатқа білетін адам өзі мақтанатын дүниенің бәрін "Біздерде мынадай бар, мынадай бар" деп жүріп-ақ көрсетіп береді. Алғаш тіл қатқан адамыңыз тұйық боп шықса, көңіліңізді түсірмеңіз, ашық-жарқыны жолыққанша, талпына беріңіз.

Жалғыз саяхаттаңыз

Бұл жұбыңыз болса, оны үйге тастап кетіңіз деген сөз емес. Тек туристік агенттікке жүгініп, өз еліңізден 10 адамнан құралған топпен бірге дайын маршрут бойынша жүріп қайтудан аулақ болыңыз дегім келген. Мұндай жағдайда қасыңыздағы адамдардың бәрі өз тіліңізде сөйлейді, топтан ажырап қалмас үшін қалаған жеріңізге де бара алмайсыз. Шындығында, топ боп жүрген адам ештеңе көріп, саяхат деген ұғым болмысын сезіне алмайды.

Көзіңізге түскеннің бәрін салыстыра бермеңіз

Ештеңені салыстырмаңыз. Валюта құны, әлеуметтік деңгей, сауаттылық пен мәдениеттілік... Мүлдем салыстырмаңыз. Сіздің мақсатыңыз өз Отаныңыздың өзге елдердің артық екенін дәлелдеу емес. Сіз Тәңір жаратқан ғажап ғаламның басқа бұрышында қандай адамдар барын, нендей оқиғалар болып жатқанын ғана зерттеуді көздеңіз.

Адасып кетуден қорықпаңыз

Сіз жергілік халық тілінде сөйлей алмасаңыз да, адасып кетуден қорықпаңыз. Мен мұндай оқиғаға көп ұшырағам, бірақ қай жерден де көмек қолын созар бір пенде табылып отырды. Қалтаңызда тұрақтаған қонақүйіңіздің визиттік картасы болса, сол жеткілікті. Жол таппай қалу, сіз бұл әлемнен мәңгілікке жоғалдыңыз деген сөз емес.

Әр саяхатты шытырман оқиғалы кинодай көріңіз

Генри Миллер жұрт құлақты жебір қылған Римге барып, 200 мың туриспен Сикстин капелласын көргенше, ешкім естімеген бір шіркеу тауып алып, сонда отырғаным артық деген. Расымен, туристік емес маршрутпен жүру адамға іздеу еркіндігін береді. Бұл саяхатшы үшін аса маңызды.

А. Оралқызы