Әлемге тегін саяхат жасағың келе ме?

Әлемге тегін саяхат жасағың келе ме?
Фото: vk.com

Күні мен түні алма-кезек ауысқан бірқалыпты тіршілік әрдайым қызықты бола бермейді. Қызыққа толы дүниені іздесең ел көру, жер аралау және жаңа адамдармен қарым-қатынас құру қажет. Және мұның бәрін де ақшасыз жасай алмайсың. Әрбір “қызық” үшін қомақты қаржы шығаруға тура келеді. Алайда, заман ағысына байланысты соңғы кезде бұл мәселенің де шешімі табылып үлгерді. Назарларыңызға қыруар қаржы шығындамастан әлем елдеріне саяхат жасаудың жолдарын ұсынып көрмекпіз.

1. www.couchsurfing.org Бұл ұйымның мақсаты – ниет білдірушілерге қолжетімді баға бойынша жер шарына саяхат ұйымдастыру. Өзге елге келген адам жергілікті тұрғындардың отбасында тегін тұра алады. Осы уақытта жаңа жанұяның мүшелері сізге елдің көрікті орындарын көрсетіп, танымыңызды арттырып, естен кетпес қызықты сәттерді тарту етеді. Оларға сізді қабылдағаны үшін ақша сұрауға тыйым салынған. Алайда, шын жүректен сыйлық алып, үй шаруасына көмектессеңіз ешкім қарсы емес.

2. Turtle Teams, “Тасбақа қарқынды топ” (“Черепашьи команды”) атаулары сізге таныс па? Бұл жоғалып кету қаупінде тұрған теңіз тасбақаларына көмектесетін әлемдегі мыңдаған топтардың жиынтық атауы. Толық ақпаратты мына жерден біле аласыз: www.seaturtles.org және www.cccturtle.org.

3. Conservation Volunteers – Аустралия және Жаңа Зеландиядағы ұйым (www.conservationvolunteers.com.au). Атауды “ерікті табиғат қорғаушылары” деп аударған дұрыс болады. Қатысушылардың ортақ тапсырмасы – табиғатты қорғау және экотуризмді дамыту.

4.  Sudan Volunteer Programme (www.svp-uk.com) – ағылшын тілін білетіндерге ақша табудың тиімді жолы. Яғни, бұл бағдарлама өзге елдердің адамдарын ағылшын тілін үйрету үшін жасалған.

5. Appalachian Trail Conference (www.appalachiantrail.org). Мақсаты – Мэн және Джоржия штатындағы 250 000 акр жасыл шалғын жерді қалпында сақтап қалу.

6. Еуропадағы Trip Leader for HF Holidays (www.hfholidays.co.uk) – бұл  ерікті адамдардың жаяу саяхатқа шығатын ең танымал ұйымдарының бірі.

7. Help Exchange (www.helpx.net) – бұл веб-сайтта  қосымша күшті қажет ететін әлемнің түкпір-түкпіріндегі қожайындардың тізімі жарияланған. Оның ферма немесе шағын бақша, мектеп, шіркеу, үй-мекеме құрылысы болуы әбден мүмкін.

8. Peace Corps (www.peacecorps.gov) – денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау саласынан бастап әртүрлі салада жұмыс істеп көрудің таптырмас мүмкіндігі. Және бір ерекшелігі – мұның бәрі де өзге елде болады.

9. United Nations Volunteers (www.unv.org) – БҰҰ-ның еріктілері. Бұл құрамға енген кез келген адам денсаулық сақтау саласынан бастап, кедейшілікпен күресуге дейінгі аралықта өзгелерге көмек қолын соза алады.

10. WWOOF (www.wwoof.net) – фермадағы 6 сағаттық жұмысқа көндігетін адамдарға арналған мүмкіндік. Ол үшін арнайы қағазды толтырып, баратын жеріңізді анықтайсыз. Осыдан аз уақыт өтісімен, фермерлердің бірі сізге тұрмыс үйі мен тағам ұсынады. Тиімді тұсы – сіз өзіңізге ұнайтын ауылшаруашылық түрін таңдай аласыз. Екі жақ ортақ келісімге келісімен, келісімшарт мерзімін анықтап, қауіпсіздік шараларын тексеріп шығу ғана қалады. Бүінде WWOOF ұйымы әлемнің 53 елінде жұмыс істейді.

madeniportal.kz

Т. Раушанұлы