Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / QazaqGeography экспедициясы Аралға аттанды

QazaqGeography экспедициясы Аралға аттанды

QazaqGeography экспедициясы Аралға аттанды

10 мамыр күні Назарбаев университетінен Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы – QazaqGeography экспедициялық тобы Арал теңізіне бағытталған ғылыми-танымдық кезекті сапарына аттанды. Солтүстік-Оңтүстік Аралға арналған «Арал-2018» ғылыми-танымдық экспедициясы 2018 жылдың 10-29 мамыр аралығында өтеді.

Ғалым-гидробиологтар мен картографтар экспедициясы құрамында Massaget.kz және Tengrinews.kz журналист-фотографтары бірге жүреді.

2018 жылы Назарбаев Университетінің гидробиолог ғалымдарымен бірге, зерттеу спектріне Оңтүстік Арал да кіреді. Ғылыми сынамалардың нәтижелері бойынша планктондық топтанулардың биоалуантүрлілігі, судың ластығы, қышқылдығы, тұз, фосфор деңгейі туралы деректер жиналады, ол Солтүстік және Оңтүстік Арал экожүйесінің дамуындағы трендті алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, экспедиция Арал өңірі бойынша туристік бағыттар картасын жасау, бірегей фото және бейнематериалдарды жинау мақсатын көздейді.

«Бұл QazaqGeography экспедициялық тобының Арал теңізіне жасап отырған үшінші ғылыми-танымдық сапары. Бұл жылы да сапар Назарбаев университетінің ғалымдарымен бірлесе отырып жасалып отыр. Зерттеулер ауқымына Оңтүстік Арал теңізі де кіреді», – дейді QazaqGeography қоғамының басқарма төрағасы Қанат Байғарин.

Сапардағы 19 күннің ішінде экспедиция құрамындағы 20 адам 5 жол талғамайтын көлікпен Қазақстан және Өзбекстан аумағындағы 7 мың шақырымды басып өтеді.

«Сапар мына  бағыттар бойынша: Астана – Қарағанды – Балқаш – Шу – Тараз – Шымкент – Ташкент – Самарқанд – Бұхара – Ургенч – Нукус – Мойнақ – Арал теңізі – Бейнеу – Бозой – Арал теңізі – Арал – Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Астана арқылы өтеді», – дейді экспедиция басшысы Нұржан Алғашов.

«Авалон» тарихи-географиялық қоғамының президенті Виталий Шуптар атап өткендей, трансшекаралық туризмнің дамуы Орталық Азия елдері үшін өте маңызды, өйткені туристер Орталық Азия елдеріне кластер арқылы барады. Экспедиция Арал аймағы үшін туристік карталарды және трансшекаралық бағыттарды жасауға көмектеседі.

2016 жылы Қазақстан Ұлттық Географиялық Қоғамының экспедиция құрамында Назарбаев Университетінің ғалымдары тобымен бірге Солтүстік Арал теңізінің бірнеше бөлігіндегі судың гидробиологиялық жай-күйін зерттеді. Сол кезде ғалымдар Солтүстік Арал теңізінің орташа тұздылығының төмендеуін байқаған, бұл Солтүстік Аралдағы экологиялық жағдайдың жақсаруын алдын-ала болжауға өз септігін тигізді.

QazaqGeography қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы бес бағытта жұмыс істейді: география, климат, қоршаған орта, табиғат ресурстары, биоалуантүрлілік, туризм, саяхат, өлкетану, тарихи-мәдени мұра, этнография. Қазіргі уақытта Қазақстанда 11 өкілдік ашылған. 

0
Рейтинг: +0

Фото: Турар Казангапов
Қосылған күні: 10 мамыр 2018, 11:49

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.