Әлемдегі ең қауіпті қалалар рейтингі жарияланды

Әлемдегі ең қауіпті қалалар рейтингі жарияланды
Фото: Queen-Time.Ru

"The Economist" сараптамалық агенттігі әлемдегі ең қауіпті қалалардың рейтингін жариялады. Рейтинг нәтижесі бойынша Пәкістанның Карачи қаласы көш бастап тұр.

Ең қауіпті қалалар рейтингі қауіпсіздік шараларының аз болуы, денсаулық пен инфраструктура қауіпсіздігі секілді талаптар бойынша түзілген.

Карачи -  Пәкістанның оңтүстігіндегі портты қала. Әлемдегі ең ірі қалалар көшінде алғашқы ондыққа енеді.

Рейтингте екінші орынға Мьянманың Янгон қаласы орналасқан. Үшінші орынға Бангладеш астанасы Дакка енген. Сондай-ақ алғашқы ондықта Джакарта (Индонезия), Хошимин (Вьетнам), Манила (Филиппин), Каракас (Венесуэла), Кито (Эквадор), Тегеран (Иран) мен Каир (Мысыр) қалалары бар.

Әлемдегі ең қауіпсіз қала ретінде Жапония елінің астанасы Токио танылған. Екінші орында – Сингапур, үшінші орынға Осака қаласы орналасқан.

Айта кетейік, сәуір айында әлемдегі ең қауіпті елдер рейтингі жарияланған болатын. Мұнда Колумбия елі қауіпті деп аталған. Йемен мен Сальвадор үштікке енген еді.

Ө. Сансызбай