Қазан айында қайда саяхаттаған дұрыс?

Жаз бітіп, күздің желі келді. Сарғайған жапырақтар мен қара бұлт, жаңбыр романтикаға толы кезең. Абай «Сұр бұлт, түсі суық, қаптайды аспан» деп бір-ақ ауыз сөзбен түйіндеп берген күздің екінші ай қазанда қай елдерге барып демалған дұрыс, саяхаттауға дайын болсаңыз, бізге ең жылы, ең керемет мекендерді ұсынамыз. 

Грек аралдары 

Грек аралдары қазан айында жылы әрі шуақты болады. Әсіресе Додеканес пен Кикалды аралдары. Мұнда күн ыстық болады. Күнге қыздырынып ләззат аласыз. 


Рим 

Италияда адамдар тамыз айының соңынан бастап кезекті еңбек демалыстарына шығады. Себебі қыркүйек-қазан айлары ең ыстық және ең керемет мезгіл. Егер саяхаттауды қайдан бастасам болады десеңіз, Римге барыңыз. Қалада тыныштық. Себебі бәрі жағалауда демалады. Сіз де барып демалыңыз. 


Маврикий 

Бұл мекенде қазан айы көктем мезгіліндей шуақты әрі керемет болады. Жасыл жапырақтар мен пальмалар, сирек кездесетін аңдар мен өсімдіктер сіздің есіңізді аларына сенімдіміз. 


Иордания 

Таяу Шығыстағы бұл ел ең бір саяхат жасауға қолайлы әрі керемет ел. Мұнда адамдар жағалауға жатып демалғаннан гөрі, бір қалыпты температурада жүріп ескі ғимараттар мен құмнан, топырақтан жасалған жәдігерлерді тамашалайды. Ат үстінде шауып, түйе үстінде серуендеп қайтыңыз. 


Севилья 

Севилья қалалары қазан айында керемет күйге енеді. Көше бойында жиырма төрт сағат жұмыс жасайтын дүкендер, мейрамханалар ашылады. Себебі мұнда ыстық әрі салқын самал есіп тұрады. Тар әрі көз тартар көшелерімен ерекшеленген Севилья қалалары сізді күтіп тұр. 


Кипр 

Тізімге бұл мекенді міндетті түрде қосыңыз. Себебі Кипр нағыз демалатын аймақ. Кеме үстінде ойын-сауық ұйымдастырылып, саяхатшыларға барлық жағынан жағдай жасалады. Себебі бұл ел өз экономикасын жыл сайын келетін, іздері үзілмейтін саяхатшылармен көтеріп отыр. Аз шығындалып, жақсы демалыңыз.