Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Қауіпсіз ұрылар

Қауіпсіз ұрылар

Егер сіз тұратын көп қабатты үйдің қабырғаларында көзіңізге таңсық алып жаратылыс иелері өрмелеп бара жатса, құбыжықтар бізді тонауға немесе қиратуға келе жатыр деген ойға қалудың еш қажеті жоқ. Неге дейсіз бе? Өйткені, Германияның Дюссельдорф қаласында алуан түсті және күлкілі бейнедегі адам кейіптес «жаратылыс иелерімен» көп қабатты ғимарат қабырғаларын сәндейтін болыпты. Дизайнерлер ойлап тапқан мұндай «безендіру құралдары» қорқынышты фильмдердегі қауіпті құбыжықтарға ұқсайды.


Көрген көзі таңқалдырған туындының авторы – неміс суретшісі Розали екен.

Алып және әр түрлі түстегі «жаратылыстар» көптеген үйлердің қабырғаларында өрмелеп бара жатыр... Көзіңіз түсіп кетті... Басыңызға "алдын ала құрылған жоспарды орындау үшін, асығып, бірін-бірі қуып бара жатыр ғой" деген ой сарт ете түсті. Жо-жоқ! Сөмкеңізден ұялы телефоныңызды шығарып, милиция қызметкерлеріне хабарласпас бұрын, жақсылап қарап алыңыз! Өйткені, үйдің жоғары жағына асықпай көз жүгіртер болсаңыз, олардың қолдан жасалған ұрылар екендігіне көз жеткізесіз.

Қысқасы, Розалидің қолынан шыққан туынды ерекше әрі ешбір жерде қайталанбайды. Аз уақыттың ішінде Рейна өзенінің жағалауындағы «ұрылар үйі» жергілікті тұрғындар мен туристердің суретке түсетін негізгі орындарына айналды. Сондай-ақ қаланың ең көрікті орындарының бірі әрі бірегейі ретінде танымал болды.

Ұрылар жасалған материал кез келген температурада бір қалыптылығын сақтап тұра алады, кез келген маусымның күн райында қала сәнін келтіруге шамасы жетеді.

Бұған қоса, Розали шығармашылығында үйдің сыртын ғана емес, бөлмелерді безендіруге арналған «ұрылар» топтамасы бар. Қабырғаға жабысқан күлдіргі және түрлі-түсті «адамдар» көңіл-күйі төмен жандарға аз-маз күлкі мен бір бума қуаныш сыйлай алады.

Суреттер:estete.net,kulturologia.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

1412 3
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 02 қазан 2012, 10:22
Пікірлер
+0
02 қазан 2012, 11:06

Тек түрлі-түсті болғаны үшін ғана қорқынышты көрінеді, ал қара болса ше? Елестетудің өзі қорқынышты :roll:

+0
02 қазан 2012, 11:16

күштііі

+0
02 қазан 2012, 11:37

Уау, біздің үйге де осындай "ұрылар" түссе :lol: (бірақ жер үйде тұрам, : )

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...