Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / "Самум" - шөлдің ыстық демі

"Самум" - шөлдің ыстық демі

Ерте кезден бастап "Самум" деп аталып кеткен құм дауылы қазіргі кезде де өз әмірін жүргізіп келеді. Көктем мен жаз айлары уақытында Солтүстік Африка мен Арабстан жартыаралдарының бойында пайда болып, оңтүстік-батыстық бағытта жүріп отыратын дауылдың халық санасында қорқыныш ұялатқаннан басқа "жұмысы" жоқ.

Герадоттың заманында-ақ талайдың тағдырымен ойнап үлгерген құм дауылы күннің көзін көрсетпей, жер дүниені әлем-тапырақ қылып жібереді. Ең жаманы сол, ауаның өзі адамға қарсы жүргендей әсер қалдырады депті сол кездің адамдары. 

Қазіргі таңда бұрынғыдай қауіп-қатердің сесі жоқ. Бүгінде адамдар жол жүрудің бар ауыртпалығын ұшақтарға теліп қойған.

1805 жылы "Самум" көптеген авторлардың айтуы бойынша, екі мыңдай адам мен мың сегіз жүзге жуық түйенің түбіне жетіпті. Және грек авторы Герадот жазып кеткендей, біздің заманымыздан бұрын 525 жылы Персияның патшасы Камбис те сан мыңдаған әскерімен "Самумға" тап болған.

Майда құмды көкке көтерген дауыл адамның көзі мен құлағын, мұрын қуыстарын бітеп тастайды. 

Бұл дауылдан адамдардың қалай қорғанғанын білгіңіз келе ме? Көптеген адамдар дауыл келген бойда жерге жата қалып, үсті-бастарын қымтап тастайтын болған. Сонда да 50 градус температураның қысымынан ес-түстерінен айырылып қалатындары кездесіпті.

Ғалымдар дауылдың туындауы жаздың жаңбырсыз ыстық күндері мен ауаға көтерілген құмның нәтижесінде орын алады дейді.

Бүгінгі таңда құм дауылы халықты жиі мазалап тұрады. Мәселен, Мавритания мемлекеті "Самумның" кесірінен жыл сайын орасан шығынға батып келеді. 

сурет:kinderlibrary.wordpress.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

2539 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 01 қазан 2012, 19:15
Пікірлер
+0
01 қазан 2012, 18:32

Жүріп келе жатқан сияқты әсер қалдырады екен... :roll:

+0
01 қазан 2012, 18:33

мынауың шынымен-ақ "мазалар" ау :lol: 8-)

+0
01 қазан 2012, 18:34

қорқынышты көрінері сөзсіз...жыл сайын бір болып тұрса халықтан не қалады

+0
01 қазан 2012, 18:39

:shock:

+0
01 қазан 2012, 18:47

Сол үшін де әйелдері қымтанып жүретін болар.

+0
02 қазан 2012, 10:32

ужассс қорқынышты ғойй

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...