Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / "Мен сіздерге армандауды үйретемін!"

"Мен сіздерге армандауды үйретемін!"

Бір кездері бүгінгі біз танитын Рио де Жанейро қаласы өте кедей, тарихы мұңға толы, жан түршігерлік қылмыстарымен аты шыққан қала болатын. Айлар өтті, жылдар өтті, қала да көркейе түсті. Бүгінде Рио спорт, мәдениет және өнер орталығы ретінде қанатын кеңге жайып, әлемнің ең алып қалаларының қатарына қосыла шықты. Қалада мәдениет пен өнерді дамыту бағдарламасы бойынша халықаралық деңгейдегі конкурстар өте көп өткізіліп тұрады.

Тақырыбымызға арқау болып отырған ғаламат туынды да осындай сайыстардың нәтижесінде дүниеге келді. Авторы –Жауме Пленса.

Жауме Пленса – қазіргі заманның ең танымал, ең абыройлы мүсіншілердің бірі әрі бірегейі. Оның алтын қолынан шыққан көптеген мүсіндер әлемнің алпауыт қалаларының мақтанышына айналған.

Пленсаның кезекті туындысы осыдан бірнеше күн бұрын ғана OIR ( Риоға арналған жаңа идеялар) жобасы барысында көпшілікке таныстырылған болатын. Жобаға Роберт Моррис, Брайан Ино, Редзи Икеда, Энрике Оливейра сынды көптеген шеберлер қатысты. Алайда, үздік деп танылғаны – Пленсаның «Awilda» атты мүсіні.

Awilda он екі метр биіктікті құрайды және мүсін мәрмәр мен шайырдан жасалған. Мүсінге жақсылап көз жүгіртсеңіз, көзі жұмулы тұрған бойжеткен бейнесін көресіз. Жауме Пленсаның айтуынша, бұл бейне – адам арманының нышаны. Өйткені, армандап тұрып көзіңді жұма қалсаң, күллі армандарың іске асып жатқандай сезімде боласың.

Сондай-ақ, суретші өзінің шығармашылық жұмысы арқылы адамдардың армандауына себепші болғысы келетіндігін айтады. Шынында да, армансыз адам – қанатсыз құс емес пе? 

Суреттер:goodvin.info,artinvestment.ru,liveinternet.ru,caesararts.com,

idealissst.livejournal.com,mediablender.com.ua

Дайындған: Айгерім Сматуллаева

1264 1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 20 қыркүйек 2012, 16:36
Пікірлер
+0
21 қыркүйек 2012, 11:21

Қызық, неге бізде осындай мүсіндер алматы да жоқ

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...