Жапонияда Асо жанартауы атқылап жатыр

Жапонияда Асо жанартауы атқылап жатыр
Фото: report

Жапонияда орналасқан Асу жанартауы атқылап жатыр. Метеорологтардың айтуынша, жанартау атқылауын таңғы сағат 9:43-те бастаған. Қазіргі таңда оның биіктігі екі шақырымға жетіп отыр. Kyodo News-тың хабарлауынша, атқылау кезінде зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өкімет басшылары жергілікті тұрғындарды қауіпсіз жерлерге көшіріп, тұрғындарды 1,25 милге, яғни радиосы екі жарым шақырым жерге жақындауға тыйым салды.

Н. Нұрмаханұлы