Аустралиялық кенгуру асыраушы BBC кейіпкеріне айналды

Аустралиялық кенгуру асыраушы BBC кейіпкеріне айналды
Фото: www.geo.ru

Крис Барнс есімді Аустралия азаматы құрлықтың орталық аймағындағы 36,5 гектар жерді иемденіп, кенгуру қорығын ашты. Бүгінде 25 қалталы жануардың үйіне айналған туристік мекен британдық BBC2 арнасынан көрсетілетін Kangaroo Dundee сериалының түсіру алаңына айналды.

Айта кетсек, Крис Барнс негізін қалаған «Элис Спрингс» агенттігі жоба идеясын жүзеге асырушы болып табылады. Сериал түсіріліміне дейін қолға үйретілген кенгурулар сюжет барысы өз мәресіне жеткеннен кейін де қорықта қалуды жөн көрген. Бүгінде Барнстың шөлейтті аймақтағы тұрмысына сирек кездесетін жануарларды қорғаумен айналысатын ұлттық қорлар қолдау білдіруде.

Крис Барнс кенгурулар мекенін 2005 жылы ашқан. Ал төрт жыл өтіп, демеушілердің арқасында қорықтың аймағы үлкейді.

Кенгуру – Аустралияның бейресми символы. Қалталы жануар елдің елтаңбасында, валюта мен пошта маркасында бейнеленген.

Сонымен қатар, кенгуру аустралиялық Qantas әуекомпаниясы мен Корольдік әскери-әуе күштерінің танымбелгісінде бейнеленген.

Кенгурудан басқа мұнда түйе және эму өмір сүреді.

Кенгуру биікке 3 м, ал ұзындыққа 12 м секіре алады.

Роджер есімді кенгуру өзінің тамаша дене бітімін туристерге көрсетуді ұнатады.

Қазіргі кезде, Крис сұғанақ аңшылар өлтірген кенгурулардың балаларын тауып, аман алып қалуға тырысады. Сосын оларды бағып, өсіреді де қайтадан табиғатқа босатып жібереді. 

Ж. Өрісбай