Қандай мемлекеттерге саяхат жасадыңыз?

Қандай мемлекеттерге саяхат жасадыңыз?
Фото: www.boldtuesday.com

"Go! World" – жеке пайдаланыстағы карта. Бұл карта арқылы саяхатшы өзі ашқан жаңа жерін қағаз бетіне түсіреді. Картаның басты артықшылығы ол адамға төтркүл дүниенің қандай ғаламат екенін және саяхатшының алдағы уақытта көрері көп екенін көз алдына елестетеді.

Мемлекеттер жер көлемі бойынша жұқа қара түсті күңгірт винильмен бөлінген. Саяхатшы мекендеген елін картадағы қара ванильді алып тастау арқылы белгілейді. Ал оның төменгі бетінен ақ түсті сапар шеккендегі мемлекеттің жер көлемі пайда болады.

Адамға қосалқы құрал ретінде жасалған "Go! World" картасы бүгінгі күндегі ең тиімді саяхаттау жазбасы болып саналады. Ол саяхатшының саяхаттау кезіндегі үдерісін айшықтайды. Bold Tuesday зерттеуіне сәйкес көптеген жиһангез өзінің саяхаттау жоспарын  осы "Go! World" постеріне негіздеп құрайды екен.

Н. Нұрмаханұлы