Тікұшақпен саяхат жасаңыз

Тікұшақпен саяхат жасаңыз

Егер сіз бүкіл әлемді пойызбен немесе көлікпен шарлаған болсаңыз, енді сізге саяхаттаудың жаңа түрімен экскурсия жасау жол түсіп тұр. Тікұшақ экскурсиясы - саяхаттаудың ең заманауи түрі. Ол жер шарында кеңінен етек жайған. Төменде біз сіздерге тікұшақпен тамашалайтын ең таңғажайып 5 мекенді ұсынамыз. 

Үлкен  Барьер рифі,  Аустралия

Үлкен риф Аустралия құрлығының шығыс жағалауында екі жарым мың шақырым жерге созылып жатыр. Мұнда саяхатшылар Тынық мұхитын бөлетін тау-тау тізбектелген маржанды көруге ағылады. Екі сағаттық ұшақпен ұшу және оған қосымша көкте тамақтану 433 доллар тұрады. Әрине, оған кез келген келушінің қалтасы көтере бермесі анық. Алайда тікұшақ экскурсияшыларының сөзіне сенсек олар келушіге естен кетпейтін әсер қалдыруға сөз береді екен.

Гранд-Каньон, АҚШ

Америка елінің 26-шы президенті Теодор Рузвельттің айтуынша, Гранд-Каньонын (Grand Canyon) әрбір американдық көруі тиіс екен. Табиғат ананың кереметтей жаратылысын көз алмай тамашалап тұруға болады. Тікұшақпен құзды шарлап шыққан адам адреналин алады. Жоғарыда тұрып тау шатқалдарының арасынан өтеді. Ерекше сезімге бөленіп, өмірден ләззат алуды үйренеді. 45-50 минуттық ұшу әр адамға шамамен 258 доллардан келеді.

Гонконг қаласы, Қытай

Батыс және Шығыс архитектура үлгісін мықты үйлестірген Гонконг қаласы бүкіл дүниежүзіне әйгілі. Гонконг қаласын әуеде тұрып бақылау романтикаға жетелейді. Жоғары технологиялы үйлер, жасанды ормандар көздің жауын алады. Мұнда тікұшақ экскурсиясы туристер арасында кеңінен танымал. Қала үстімен 15 минуттық шарлау әр туристке 107 доллардан болады.

Амальфи қаласы, Италия

Искья аралы Неаполитан шығанағында орналасқан. Ол - жанартаулы аймақ. Амальфи қаласы - Италия елінің бірден-бір мақтан ететін мекендерінің бірі. Мұнда тікұшақ ұшқышы Амальфи жағалауын, Капри тасты аралын және көне Помпей мен Геркулан қалаларын көрсетеді. Егер тікұшаққа кемінде 6 жолаушы жиналса, мұндай тур келушіге 525 доллар тұрады.

Рио-де-Жанейро, Бразилия

Көптеген саяхатшы Рио-де-Жанейро қаласының сұлулығына тамсану үшін өздерінің 313 долларын қуана-қуана жұмсайды. Ұшу уақыты 12 минутты алады. Бұл елде кез келген турист тікұшақпен бүкіл Бразилия  мемлекетін толықтай аралап шыға алады. Христос мүсінін жоғарыдан бақылайды.

Cурет:ru-travel.livejournal.com,wondnature,www.widewallpapers,tonkosti,world-countries.net

Оқи отырыңыз:

Германияның ең мықты 10 қамалы

Жапониядағы Окинава аралына саяхат (Видео)

Ғашықтарға арналған әлемнің ең әдемі жерлері

Қазақстан тағы 10 мемлекетпен визасыз режим орнатпақ

Н. Нұрмаханұлы