- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- 20 метр қар...
20 метр қар бойымен өтетін жоларна
Татэяма Куробе - дүниежүзіндегі ең танымал жоларна. Ол Солтүстік Жапония елінің таулы аймағында ұзыннан-ұзақ созылып жатыр. Жоларнаның жан-жағын қалың қар басқан. Алайда, мұндай таңдай қақтырарлық көріністі тек қыс мезгілінде ғана тамашалауға болады.
Бұл жол бүкіл әлемге өзінің әсемдігімен танымал. Татэяма Куробе Жапониядағы маңызды Омахи мен Тояму магистраль жолдарын қосады. Жапондар жол құрылысы кезінде табиғатқа неғұрлым аз зақым тигізу үшін әртүрлі технологияларды пайдаланады. Жолда кішігірім тоннельдер жүргізілген. Татэяма Куробе жолы саяхатшыларды Жапонияның ең үлкен Куробе су қоймасына алып барады. Қазіргі таңда жоларна тек экскурсия ретінде ғана қолданылады.
Туристер негізінен Татэяма Куробе жоларнасына қыс мезгілінде қалың қар түскен кезде келе бастайды. Қыста қардың қалыңдығы 20 метрден асады. Ал жаз мезгілінде қар толығымен еріп, бүкіл жер жап-жасыл түске боялады.
Оқи отырыңыз:
Тау басына салынған кішкене үйшік
Жакки Баллан күніне 16 литр кола ішеді
Тауэр көпірінің жаяу жүргінші жолы әйнектен жасалды
Жапониядағы "Қысқы шырағдан фестивалі" туралы білесіз бе?
Сурет: theswankytraveler.com
Н. Нұрмаханұлы