Жакки Баллан күніне 16 литр кола ішеді

Жакки Баллан күніне 16 литр кола ішеді

Жакки Баллан –  42 жастағы Ұлыбритания тұрғыны. Ол кішкентай кезінен бастап Diet Coke газдалған сусынын құмарта ішеді.

Бүгіндері Баллан күніне 8 литр сусын ғана ішеді. Бұрындары рекордсмен 16 литр сусын тұтынған. Егер ол күнделікті түрде Diet Coke сусынын ішіп тұрмаса, басы қатты аурып, өзін жайсыз сезіне бастайды. Жаккидің айтуынша, ол әр 40 минут сайын кока-кола ішіп тұруы тиіс. Тіпті ол мұны тастауға бел байлаған, алайда бұл оның еркінде емес екен. Бұл сусын Жакктың қалтасын жұқартпаса, қалыңдатпағаны анық. Суынға жыл сайын 4500 АҚШ доллары кететін көрінеді.

Оқи отырыңыз: 

Шампанды оқпен ашқан сұрмерген

Оспанхан Әубәкіров. "Жаңа жыл әзірлігі"

Сіріңке қалай пайда болғанын білесіз бе?

Ит пен мысықтың адамға деген көңілі екі түрлі (сурет)

Сурет: www.naynneto.com.br

Н. Нұрмаханұлы