Бұл көпірді салуға 26 миллион кірпіш жұмсалған

Бұл көпірді салуға 26 миллион кірпіш жұмсалған

"Гельчтальбрюкке" көпірі Германия елінің Саксоно-Франконско темір жол бағытында орналасқан. Оның құрылысы 1846 жылы басталған екен. Құрылыс жұмысына қызыл кірпіш пайдаланылған.

Құрылысшылар көпірді толығымен салып бітіру үшін 26 миллионнан астам қызыл кірпіш жұмсаған. Ал көпірдің құрылысы 1851 жылы аяқталады. Көпірдің биіктігі – 78 метр, ал ұзындығы – 500 метр. Жұмысқа дизайнер Андреас Шуберт пен инженер Роберт Вильк жетекшілік еткен.

Көпірдің құрылысына 1736 адам қатысқан. Құрылыс кезінде 31 құрылысшы опат болған. Көпірге жақын аймақта әуе шары алаңы орналасқан. Онда туристер көпірді жоғарыдан бақылап, суретке түсіре алады. Темір жол бойынан ежелгі Нечкау сарайы мен Милау қамалы көрінеді.

Оқи отырыңыз: 

Жапония елінің "Алтын павильоны"

Мән-мағынаға ие болған жарнама ролигі

Голландиялық суретші 3D суреттер салады

Тәуелсіздік күніне орай флешмоб ұйымдастырылды

Сурет: guinness-records.info

Н. Нұрмаханұлы