- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- "Қар атыспақ" ойынынан...
"Қар атыспақ" ойынынан халықаралық чемпионат барын білесіз бе?
Жапония елінде бесіктегі баладан еңкейген қарияға дейін қысқы ойын түрлерін сүйеді. Мысалы, қар атыспақ. Бір қарағанда күлкілі естілуі мүмкін, алайда жапон халқы бұл спортқа кәдімгідей мән береді екен.
«Showa-Shinzan» деп аталатын тау шипажайының басшысы қонақ үйін қонақтарға толтырудың жақсы әдісін тапты. Ол Competitive Snowball Fighting атты ойынды дүнеге әкелді.
Ойынның мақсаты қарсыласқа қар лақтырып, туын иемдену. Ойын алаңының ауданы – 40х11 метр. Ойынға екі команда қатысады. Олар қарсыласына қар лақтырып қамалын бұзып кіруі тиіс. Ойын 3 бөлімнен тұрады. Әр бөлім 3 минуттан. Ойын кезінде қатысушылар 9 минут бойы ойынның қызығына батып, соғыс алаңында жүргендей күй кешеді.
Юкигассен (жапон.т. 雪合戦 юкигассен ) (юки – қар, кассен – шайхас) – 1980 жылдардың аяқ жағында Жапония елінде пайда болған командалық қар атысу ойыны. Қазіргі таңда бұл ойын түрінен жыл сайын Жапония, Швеция, Финляндия, Ресей, АҚШ, Канада және Норвегия елдерінде жарыстар ұйымдастырылып тұрады. Юкигассен ойынының жалпы ережесі 1988 жылы Собэцу қаласында бекітілген. Кейіннен юкигассен жалпы жапондық ойынға айналды. Ең алғашқы жалпы жапоны чемпионат 1989 жылы 25 ақпанда өтті.
Оқи отырыңыз:
Жапония елінің "Алтын павильоны"
Қытайлардың тәжірибесі әлемді дүрліктірді
Бұл көпірді салуға 26 миллион кірпіш жұмсалған
Жаңа жыл мерекесін қай елде қарсы алуға болады?
Сурет: travel.fotokomok
Н. Нұрмаханұлы