Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Көктемгі демалысты қалай өткіземін?

Көктемгі демалысты қалай өткіземін?

Көктемгі демалысты қалай өткіземін?

Өте қызық сұрақ. Себебі, сауалдың жауабын бәріміз білеміз. Мәселен, қазір өзіңізден немесе жаныңызда отырған адамнан: "Көктемгі демалысты қалай өткіземін?" деп сұрай қалсаңыз, ойланбастан: достарыңмен серуенде, бақшада қыдыр, театрға бар, кино көр, балыққа шық, кәуәп пісір... Осындай нұсқаларды тізіп береді. Рас па? Онда неге демалыста компьютердің алдында отырасыз? Біз аптаның бес күнінде осы бір екі күн демалысты асыға күтеміз, бірақ, нәтижесінде күндеріміз өзіміз ұялатындай болып өтеді. Жетер! Түске дейін ұйықтауды, сағаттар бойы теледидар немесе компьютер алдында телміріп отыруды доғарыңыз!

Демалыс – ерекше, бағалы, қуанышты күн, сондықтан болар ол жұмыс күндерінен екі есе аз. Сәйкесінше, бұл күндерді барынша пайдалы етіп өткізген жөн, әсіресе, көктемде олардың құны одан сайын арта түседі. Демалыс – жаңа аптаға күш-қуат, құлшыныс тудыру үшін керек мүмкіндік. Демалыс – алаңсыз балалық шақты еске түсіретін, барлық қиындықты немесе несиені, қарызды ұмыттыратын күн. 

Жоқ, біз бұл жазбамызда жаңалық ашуды немесе демалыстың жаңа түрлерін ойлап табуды мақсат тұтпаймыз. Басты мақсат – демалыстың демалу үшін берілгендігін еске салу. Және бұл күнге жоспарды алдын ала құрған дұрыс. Сонда ғана тән мен жанға пайда әкеледі.

Қалай, демалыстың артықшылығын мойындадыңыз ба? Енді жоспар құруды бастаңыз, ал біз сізге себепші болмақпыз.

Кино және театр. Нағыз мәдениетті, салиқалы адамның таңдауы десек те болады. Дұрыс таңдалған туынды сізді демалдырып қана қоймай, рухани азық сыйлайды, танымыңызды кеңейтеді. Әсіресе, жаныңызда сөзі аз, білетіні көп адам болса, тіптен керемет болар еді...

Аттракциондар. Мейлі оқушы болыңыз, студент болыңыз, отбасылы жан болыңыз, аттракциондар саябағы ешқашан зеріктірмейді. Әсіресе, адреналин алуға болатын аттракциондар бойдағы барлық ауыр ойдан арылтып, сергітеді. Осындай сәтте тек әлемнің ғажаптығын ғана ойлайсыз.

Саябақ. Қолда балмұздақ пен фотоаппарат, құлақта Нұрғиса Тілендиевтің күйлері немесе Моцарт, Бетховен... Сіз саябақ ішінде келе жатырсыз. Немесе керісінше, жаныңызда қолыңызды қысып ұстаған сүйікті адамыңыз, жақын досыңыз... Айналаның бәрі де мәз-мейрам. Балалар асыр салып ойнап жүр, қарттар күлімдесе әңгіме айтуда. Ешкімде қиындық жоқ сияқты. Осы әлемге күн сайын болмаса да, аптаның бір күнінде еніп тұруға болады емес пе?

Су үстіндегі демалыс. Қалаңызда шағын өзенді саябақтар бар ма? Қайықты жалға алыңыз да, су үстінде саяхат жасаңыз. Суға қарап отырған адамның ойы да, бойы да тазарады. Немесе әкеңізбен, ағаңызбен балыққа шығыңыз. Бұл күн де есіңізде жақсы сақталады деп сенеміз.

Тауға серуен. Жанұяңызбен немесе ғашығыңызбен көкке шығу да өзінше бір жан рахатын сыйлайды. Қала сыртына немесе көрші ауылға баруға тырысыңыздар. Өздеріңізбен бірге жылы алаша мен тәттілер, бутерброд ала шығыңыздар. Кітап пен журналды да ұмытпау керек. Сөзжұмбақтарға, шахмат, дойбы, картаға қалай қарайсыз? Бәрі де таза табиғатпен үйлеседі. Осы кезде бірлесе пісірген кәуәп болса тіптен керемет болмақ. Мұнан да белсенді демалысты қалсаңыз, көкте бадминтон немесе доп ойнауға да ешкім қарсы емес.

Ролик пен велосипед. Сірә, велосипедтің басқышын айналдыруды ұмытып қалған шығарсыз... Жанұяңызбен немесе достарыңызбен жалға велосипед алып, қала сыртына шығыңыздар. Шағын байқаулар ұйымдастырып, сыйлықтар үлестірсеңіздер шаттыққа, қызық оқиғаларға толы демалыстың куәгері атанасыздар. Ролик тебуді ұнататындар көктемгі демалыста арнайы орындарға емес, таза ауаға шықсын.

Атқа міну. Велосипед тебуді білмейсіз бе? Атқа мініңіз. Әрбір қазақ аттың құлағында ойнамаса да, еркін мініп жүре алуы керек. Алғаш рет болса, достарыңызға айтар қызықтарыңыз көп болмақ. Қаладағы ипподромдарға телефон шалуға кірісіп жатырсыз деп сенеміз.

Парашютпен секіру. Аттракциондар сыйлайтын адреналин қанағаттандырмаса, онан да қауіптісіне кеңес береміз. Қала сыртындағы паршютпен секіруге мүмкіндік беретін орталықтардың көмегіне жүгініңіз. Альпинист болмасаңыз да, тауға шығу өнерінің иісін сезініп көруге ешкім кедергі емес.

Ерлі-зайыпты адамдар болсаңыздар, өздеріңізге жақын маңдағы қалаға қонаққа барыңыздар. Қонақүйден екі адамдық бөлмеге тапсырыс беріп, бейнебір шетелдегі демалыста жүргендей сезініңіздер. Таңғы ас дайындау, ыдыс жуу, кір жуу, қоқыс төгу секілді күнделікті жұмыстардан бір сәт болсын алыстайсыз.

Спа-салондар, массаж, бассейнде шомылу, батпырауық ұшыру... Осы сынды қайталанбайтын нұсқаларды да қарастырып көріңіз. Бұл жерде біздің кеңеске емес, жан мен тән қалауына "құлақ түргейсіз".

Бақытты өмірде жұмысқа да, көңіл көтеруге де, демалысқа да, өзіңді дамытуға да, отбасына да, қарым-қатынасқа да орын бар. Тек бәрін дер кезінде орындай білу керек.

Көктемнің күндері көңілді өтсін!

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: uaua.info, massaget.kz, horde.me, yvision.org

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 16 сәуір 2014, 17:17
Пікірлер
+0
16 сәуір 2014, 17:48

Мен комптың алдында отырам демалыс бойы, сосын жұмысқа келіп тағы да комптың алдында отырам. Өмірім солай өтіп жатыр деп жылап жібергім келіп тұрғаны!

+0
16 сәуір 2014, 18:10

Демалыс алмайсыз ба?

+0
16 сәуір 2014, 18:26

Демалыста да комптың алдында отырам!

+0
16 сәуір 2014, 17:53

жан мен тән қалауына құлақ түрсем, ұйықта дегенді естимін. Қой, одан да 100 грамм тартып жіберіп, сыртқа шығайын

+0
16 сәуір 2014, 18:03

одан да ұйықтаңыз құрсын :!:

+0
16 сәуір 2014, 18:07

Кәусар Мұң, одан да ұйықтаңыз құрсын деген сөзді ренжіп жазып отырсыз деп ойлаймын, әйтпесе ұйықтаймын деген адамға ұйықтама деп тұрғызып, сілкілеп қатарға қосу керек! Мен байқаған болсаңыздар бүгін барлық сөзімді леп белгісімен жазып отырмын өйткені ашулымын!

+0
16 сәуір 2014, 18:04

Қазіргі жастардың бәрі сондай селқос, ұйқылы ояу жүреді, дым қызықтары жоқ, азарттары жоқ деген сөзді көп естимін!

+0
16 сәуір 2014, 18:12

мен де естігем бір кісіден :|

+0
16 сәуір 2014, 18:12

Селқосы селқос шығар, ұйқылы-ояу жүрсе, ұйқысы қанбағаны шығар, біреу үшін дым қызықтары жоқ болса, өзі үшін қызықтары жетіп артылар, ал азарттары мүлде жоқ деп айта алмаймын.... :)

+0
16 сәуір 2014, 17:54

Су үстіндегі демалыстың жөні бір бөлек қой. Ауылдарыңда суға түсетін жер болса, міндетті түрде сонда барып, шашлык пісіріп, жігіттермен гитара тартып отырғанға не жетсін!

+0
16 сәуір 2014, 18:05

Елестетіп кеттім. Ішіңізде романтик өліп жатқан сияқты :ugeek:

+0
16 сәуір 2014, 18:09

Ол өлген жоқ, тірі. Тек соны бірге жүзеге асыратын жігіттердің болмай отырғаны.....

+0
16 сәуір 2014, 18:17

Романтиканың тірі болғаны жақсы ғой!

+0
16 сәуір 2014, 18:06

велосипед үйренгім келеді қатты.. әлі тебе алмайм((

+0
16 сәуір 2014, 18:11

мен де үйренгім кеп жүр :o

+0
16 сәуір 2014, 18:13

ролик немесе жалға алып велосипед тебу деген мүлдем жоқ екен менде...

+0
16 сәуір 2014, 18:15

Шаңғы тебу керек қой,

+0
16 сәуір 2014, 18:19

:idea: :idea: вы издеваетесь?

+0
17 сәуір 2014, 11:10

Тауға барам!

+0
22 сәуір 2014, 20:32

Менiң велосипед тепкiм келiп кеттi. Ұмытып қалмасам жарар едi.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.