Әлемдегі кез келген қаланың, әйтеуір, бір ерекше көшесі бар. Әдетте мұндай көшелердің ерекше атауы немесе әдеттен тыс тарихы я болмаса құрылысындағы қайталанбас ерекшеліктері, тазалығы бағаланады. Мәселен, алматылықтар сәні мен салтанатын жарасқан әл-Фараби көшесін мақтан тұтады. Ал готикалық сұлулығымен аңызға айналған Прага қаласында ешбір жерде кездеспейтін бірнеше әдемі көше бар. Соның ішінде Винарна Чертовка деп аталатын шағын көше ғана айдай әлемге танылған.
Винарна Чертовка Франц Кафка атындағы мұражай мен Карлов көпіріне жақын жерде орналасқан. Көшенің ені – 70 сантиметр. бұл Прагадағы ғана емес, әлемдегі ең тар көше.
Екі үйдің арасында пайда болған көшеден бір ғана адам өте алады. Қарама-қарсы беттен екінші адам келетін болса, біріне қайта айналып, көшеден шығуына тура келеді. Осындай кептелістер болмас үшін арнайы бағдаршамдар орнатылған.
ХVІІІ ғасырға дейін бұл көшенің аты да болмады, ол тіпті көше деп те есептелмеген. Ал Винарна Чертовка атауы осы маңға жақын жердегі "Чертовка" деген шарапханаға байланысты берілген. Прагаға келген көптеген туристер осы жерге арнайы келіп, шарап сатып алады екен.
Тар көшені жергілікті халық "Мастардың шолақ көшесі" немесе "Бір адамның көшесі" деп атап кеткен. Себебі, шарапханадан шыққан мас адамдар осы көше арқылы теңселмей өте алады екен.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: vk.com
гоп-стопқа таптырмайтын жер ғо, оның үстіне шарапхана болса :(
Еріккеннің ермегі екен. Көше деген атқа лайық емес.
Мен болғанмын бұл көшеде. Прага қаласындағы бұл көше Рекордтар кітабына енгені туралы гид айтып берген. Адамдар таласпас үшін бағдаршам қойып қойған. Бірақ, біз барғанда ол істемей тұрған :ugeek:
қандай күшті)
Толық адаммен всречный келіп қалсаң біттің деш :x
әхәәхәхәх :cry:
;) қорқам деуші ем
Міне,қызық деп осыны айт :)