Әлемдегі ең үлкен жолаушылар кемесі

Әлемдегі ең үлкен жолаушылар кемесі

"Теңіздің көз тартары" (Allure of the Seas) 2013 жылдың қазанынан бастап әлемдегі ең үлкен саяхат кемесі саналады. Алыптылығы және жайлылығы бір қаланың тыныс-тіршілігіне жүк.

"Теңіздің көз тартары" кемелер классында Оазистен кейінгі екінші саналып келген-ді. Бұған дейін бірінші болып, өздеріңіз білетіндей, "Теңіз Оазисі" аталатын (ұзындығы - 361 метр).

Жаңа алып өз қатарласын қай деңгейде басып озып отыр екен? Сіз күлетін боларсыз, бірақ, бұл шындық, "Теңіз көз тартарының" ресми ұзындығы - 361,8 метр. Былайынан алғанда, лайнерлерді бір-бірінен ажыратып жату қиын, егер атаулары көрінбесе...

"Теңіз көз тартарының" құрылысы 2008 жылы Финляндияның верфінде (кемелер жасайтын тұрағында) басталған еді. Экуплуатацияға 2010 жылдың 29 қарашасында шығарылыпты

Кеменің өлшемі: ұзындығы - 361,8 метр, ені - 64 метр, биіктігі - 72 мет (орта отыру (осадка)  9,3 метр), салмағы - 45 мың тонна. 

"Теңіздің көз тартары" өлшемнен бөлек, өз сәнімен де көз тартады.  Лайнер өз бортына 6400 жолаушыны, қызмет қылатын 3000 адамды қабылдай алады. Әзірлікке даярланған барлық қызықтарымен 15 жолаушылар палубасы бар. Онда әлемдік брендтер мен кафелер, мейрамханалар мен сән салондары кезек күтеді.

Ойынхана, джаз-клуб, концерт залдары шоғырланған. Кімде-кім демалыстың белсенділікке толы болғанын қаласа, лайнер ішінен сырғанау (каток), боулинг, су саябағы мен ащы және тұщы су толтырылған бассейн, баскетбол ойнайтын алаңқай, тенниске арналған корт пен гольф алаңы, оған қоса, өрмелеуге тау бөгеттері, серфингпен айналысуға бассейн, жаттығу залдарына бара алады.  

"Теңіз көз тартары" америкалық "Роял Карибиан" фирмасына тиесілі. Және Кариб шығанағы айналасында саяхат жасайтын лайнерде өмір сүру тәулігіне 1200 АҚШ доллары тұрады. Бірақ егер бір жыл ерте тапсырыс берсеңіз, онда бағасы 1,5 есеге арзан түспек.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: tuningradio.gr; truongxuabancu.fpb.yuku.com 

Л. Лига