Жолбарыспен арқан тартысу ойыны

Жолбарыспен арқан тартысу ойыны

Қытайдағы хайуанаттар бағында жолбарыспен арқан тартысу сәнге айналуда. Ұтыс – тірі тауық!

Чанши экологиялық хайуанаттар бағы келіп кетушілерге ерекше қызық ойын түрін ұйымдастырып отыр. Оларға қап ішіндегі тірі тауық үшін жолбарыспен арқан тартысуға тура келеді.

Хайуанаттар бағының қызметкерлері тор ішінде отырғандар белсенділіксіз дел-сал күйден табылып, бойларын еріншектік басады деп ойлайды. Шындығы, олардың ұйқы мен астан өзгені білмейтіні. Сондықтан, қызметкерлер осы бір бастамаға бел буу арқылы оларды ширақ ұстауға тырысуда.

Ойын барысында қатысушылар арқанның бір басын өздеріне қарай тартса, тауық иісін сезген жолбарыс өзінде қалдыруға тырыспақ. Қарапайым әрі қызық. 

Аттракционға кіру құны жеті доллар тұрады екен. Көпшілік ерлер өз күштерін байқап көру үшін, жолбарыстармен ұстасып жататын көрінеді. Бірақ әлі күнге бірде-бір ер баласы жыртқыштан айласын асыра алмаған екен.

Жолбарыспен арқан тартысу жаңа ойын түрі деуге келмес. АҚШ-тың да кейбір хайуанаттар бағында ерте кезден қолданылып келеді. Алайда, оған тауық қатыспайды...

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: zoopicture.ru

Л. Лига