Табиғат-ананы бағындырғың келе ме?

Табиғат-ананы бағындырғың келе ме?

Бүгінгі тізімде кездесетін өлкелерге жету кез келген адамға қиын соғады. Заманауи технологияның дамуы да сапарды жеңілдете алатындығына күмәніміз бар. Табиғат-ананы бағындыруға дайынсыз ба? Ендеше, адамның араласуынсыз, өзінше тіршілік үдерісі жүріп жатқан, табиғи қалпы сақталған, әлі де толық зерттелмеген мына мекендерге жол тартыңыз.

10. Гренландияның мұз қалқаны


Аймақтың 80%-ын мұз құрсап жатыр. Мұзды қалқанды ең алғаш рет тапқан Эрик есімді азамат екен. 600 шаршы миль көлемі бар Мұзды қалқан шамамен 2000 жылдан кейін еріп кетеді деген болжамдар айтылады. Сондықтан да, бұл кереметті көруге әлі де бірнеше жылыңыз бар.

9. Колумбияның солтүстік таулары


Колумбияның солтүстік тауларын негізінде партизандық жауынгерлер мен қылмыскерлер ғана зерттеп білген екен. Осыған орай, қанша тау және олардың қандай ерекшеліктерінің бар екендігін дөп басып айту қиын. Жергілікті тайпалардың тату-тәтті өмір сүретіндігі көңіл қуантады. Ал ғалымдар қауымы әрбір экспедиция сайын фауна мен флораның бірнеше жаңа түрін тауып жатыр.

8. Амазонканың тропикалық ормандары


Амазонканың тропикалық ормандарының ағаштары белсенді түрде қырқылып, игеріліп жатқандығымен, бұл аймақта әлі де заманауи өркениеттен хабары жоқ жерлер мен тайпалар бар болып шықты. Әзірге олардың біздің өмір ағысымызға ілесетін ойлары да жоқ секілді... Ал ормандар күн сайын ажарынан айрылып, көзден ғайып болып жатыр.

7. Папуа – Жаңа Гвинея


Папуа – Жаңа Зеландияның толық зерттелмеген аймағы ғана емес, сирек кездесетін фауна мен флораның, қайталанбас халықтардың Отаны. Мұндағы тіршілік зерттеуші ғалымдардың қызығушылығын оятып отыр. Бұл жерден күн сайын мәдениеттің жаңа түрлері табылып жатса да, танылмаған, ашылмағаны жетіп артылады.

6. Намибия


2,1 миллион халқы, 300, 000 шаршы миль жері бар Намибияның Африкадағы толық зерттелмеген ел ретінде танылуы сіз түгілі, бізді де таңғалдырды. Намибия – Гепард және Носорог сынды жануарлар үшін пана бола алады. Әлем табиғатын қорғау туралы бағдарламаның арқасында Намибияны тану үшін бірнеше экспедиция жасалып үлгерді. Нәтижелер жоқ емес...

 5. Тристан да Кунья


Оңтүстік Африканың құрлықтың бөлігіне таяу жатқан Тристан да Кунья – әлемдегі шеттетілген аралдардың алдыңғы қатарында тұр. Ұзындығы 7 миль ғана. Аралды өлі климат жайлаған. Алып теңіз пілдері мен су, жағалау құстары ғана өлкелерін тастап кете алмай жүр. Тристанның ең ыстық нүктесі – Атлант мұхитының оңтүстігінде жатқан аралды архипелагты түзген жанартаулар аймағы.

4. Солтүстік-шығыс Сібір (Камчатка жартылай аралы)


Сібір Ресейдің едәуір бөлігін алып жатыр. Шамамен елдің 70%-ын құрайды. Соған қарамастан халқының 30%-ы ғана осында шоғырланған екен. Бұл ерекше жағдайды мұнай өндіру саласымен байланыстырған жөн.

3. Ганкар Пунсум


Ганкар Пунсум әлемнің ең биік таулары тізімінің жоғарғы жағында тұр. Тибет, Қытай, Бутанның шекарасында орналасқандығы тауға абырой әкелмеді. Үш елдің арасындағы алшақтық, саяси, әлеуметтік, рухани мәселелер жеткілікті дәрежеде зерттелуіне кедергі болып келеді.

2. Антрактида


Антрактида әлемнің ең мұзды аймағы болғандықтан зерттеушілерге қиындық тудырып келді, ол қиындықтар әлі де бар. Бірақ жаһандық жылу үдерісінен кейін жеңілдіктер пайда болып, құрлықта ұзақ уақытқа қалу мүмкіндігі берілді. Ендеше, бірнеше жыл көлемінде Антарктида біздерді жаңалықтарымен таңғалдыра алады деп үміттенеміз.

1. Мариан ойпаты


Бұл – әлемдегі ең аз зерттелген аймақ саналады. Терең теңіз ойпаты Гуама және Мариан аралдарының арасында орналасқан. Тек 2011 жылы АҚШ-тың әскери теңіз күштері гидрографикалық кеменің көмегімен ойпатты бағындырды. Бірақ, оның құпиясы толық ашылып болды деп айту қиын.

Таңдауыңызды жасадыңыз ба?

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com