Ең қорқынышты аттракцион іске қосылмақ

Ең қорқынышты аттракцион іске қосылмақ

Осыған дейін ең қорқынышты аттракцион Британияда деп жазған болсақ, 2014 жылдың көктемінде АҚШ-тың Нью-Джерси штатында орналасқан Six Flags саябағында одан да қорқынышты аттракцион іске қосылмақ екен. Бұл туралы Вести.Ru хабарлап отыр.

Биіктігі «Бостандық Мұнарасынан» 2 есе үлкен және 41 қабатты үймен тең. Ал метр өлшемімен 126 метрге тең. Жүрегінің түгі барлар осы биіктікке көтеріліп, сағатына 205 шақырым жыдамдықпен жерге құлайтын болады. Еркін құлау мерзімі – шамамен 10 секунд.

Басшылық Zumanjaro міндетті түрде ең биік аттракцион ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енетіндігін айтады. 2015 жылы аттракционның ең биік бөлігіне басқа да түрлері салынады деп күтілуде. Ал әзірге дайындары тексеруден өтіп, сыналып жатыр.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: vesti.ru


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар