Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Пирамидалар шеруі

Пирамидалар шеруі

Назарларыңызға табиғат пен адам дүниеге әкелген және әр кезеңнің көзі саналатын ең ерекше, қайталанбас пирамидалар легін ұсынамыз.

1. Американың ең құмар қаласы Лас-Вегастағы Маккарана әуежайының артында сізді ерекше пейзаж күтіп тұр – шегі мен шеті жоқ аспанмен таласқан үйлер, қонақ үйлердің "маңдайына" жапсырылған ағыл-тегіл жарқын жарнамалар, казино ғимараттар, мейрамханалар, мыңдаған оттарды "төндіріп тұрған" аспан және египеттік стильдегі күңгірт пирамида. Бұл сіз ойлаған тас қорған емес. Бұл – қаладағы көлемі жөнінен екінші орында тұрған «Luxor Hotel & Casino» қонақ үйі. Мұнда қашанда ежелгі аңыздар тіріліп, сауық-сайран салтанат құрып тұрады.

2. Каирға таяу маңда нағыз тарихи ескерткіштер бар. Олар – алып пирамидалар. Пирамидалардың ең үлкені – Хуфу. Бұл пирамиданың әрбір тасы мен құмынан мистика мен тарих рухының иісі аңқиды. Оның бітпейтін үңгіртауларында, табыттарында шешілмеген жұмбақтар көп. Әлемнің ең мықты ғалымдары қанша жылдық еңбектерін арнаса да, жабулы қазан ашылмай келеді.

3. Тибр өзенінің шығыс жағалауында, Рим қаласының қақ ортасында алып сәулет ескерткіші бой көтерген. Бұл – б.з.д. ХІІ ғасырда еңбексүйгіш шеберлердің қолымен жасалған Цестиус пирамидасы. Отыз жеті метрлік пирамида қала пейзажына сән беріп тұр. Оған таяу маңда Сан-Паоло қақпасы орналасқан. Қалаға келген туристер саяхаттарын дәл осы жерден бастайды.

4. Сараевоның солтүстігіндегі Босния ормандарында әлемнің ең ерекше пирамидаларының бірі жасырынып жатыр. Пирамиданың қожайыны – табиғат. Оны Височица алқаптары салған. Пирамида биіктігі – 200 метр. Бұл жақын жерде орналасқан Високо ауылының ұзындығымен бірдей. Жергілікті тұрғындар туристерге пирамиданың шығу тегі өнермен байланысты деген аңыз әңгімелер айтады екен.

5. Мексика астанасының маңында Оңтүстік Американың ғана емес, күллі планетаның алып құрылысы бар. Бұл – Күн пирамидасы. Жетпіс бес метрді құрайтын пирамида Сьюдадела цитаделі мен Ай пирамидасының арасында жатыр. Қала қонақтарын алыстан айқайлап шақырады. Ежелгі сәулет кешеніне бара қалсаңыз, панорамалық көріністерге әбден тоясыз.

6. Египет – көнелікті сүйетіндер үшін таптырмас мекен. Ол жердегі пирамидалар туралы сөз қозғап жату артық секілді, біздің айтқымыз келгені – Унаса пирамидасы. Тарихтың қатал соқпақтарының әсерінен бірлі-жарым қалдықтары қалған пирамида Каирдың оңтүстік бағытындағы Ніл өзенінің батыс жағасында жатыр. Унасадан қалғандар – алып тастар мен сол тастарға жазылған ұсақ жазулар ғана.

7. Тенерифе аралы – Канар аралдарының ішіндегі ең көріктісі және жаз айында туристер ең көп тұрақтайтын мекен. Сол жердегі Гуимар қаласының шығысында түсініксіз пішіндегі ежелгі пирамида бар. Онда алты тікбұрышты терасса мен үшкір шың бар. Пирамида жанартау атқылау барысында пайда болған.

8. Тағы да бір таңқаларлық ғибадатханалар кешені Солтүстік Судандағы Ніл өзенінің жағасында орналасқан. Ол Джебебель Баркал пирамидалар тобынан, үш сарайдан, бірнеше ғибадатханадан тұрады. Бұл кешеннің оңтүстік бағытында тағы да бір көрікті көне пирамида бар. Аталған құрылыстардың барлығы да б.з.д. 3-1 жүзжылдықтарға жатады. Туристерге кешке саяхаттауға кеңес беріледі. Күн батып бара жатқанда, көне ғимараттар ерекше әдемі және алып болып көрінеді.

9. Египеттің солтүстік-шығысында ауыз толтырып айтарлық тағы да бір сәулет ескерткіштерінің кешені бар. Оның бірі – қырық бес метрге жететін Тети пирамидасы. Ежелгі құрылыстың қабырғалары түсініксіз әрі сұлу жазулармен безендірілген. Тарихшылар жазуды әлі күнге дейін оқи алмай келеді.

10. Рюген қонақ үйі пирамида пішінді құрылыстардың ең биігі саналады. Оның биіктігі – 330 метр. Оны көзіңізбен көргіңіз келсе, Солтүстік Кореяға жол тартыңыз.

11. Бейбітшілік және келісім сарайы — Қазақстан астанасы Астана қаласында бүкіл әлемге әйгілі сәулетші Норман Фостер салған пирамида. Пирамида – әртүрлі діндердің, этностар мен мәдениеттің бірлік белгісі, халық пен елдің ашықтық белгісі саналады. Сарай 2006 жылы «Бейбітшілік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезін» өткізу үшін арнайы салынған. 

 

Суреттер: byaki.net,pr-hal.kz

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

10984 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 23 тамыз 2013, 13:26
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев