Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Қашқар - әлемдегі ең танымал сауда орталығы және көне шаһар

Қашқар - әлемдегі ең танымал сауда орталығы және көне шаһар

Қашқар - әлемдегі ең танымал сауда орталығы және көне шаһар

Қашқар – әлемдегі ең танымал сауда орталығы және көне шаһар. Бұл қала Қытайдың батыс аймағындағы Памир етегінде, Синьцзян-Ұйғыр автономиясында орналасқан. Ұлы Жібек Жолының транзиттік нүктесі болған бұл қалада сауда-саттық қатынасы қарқынды дамыған. Әлі күнге дейін Қашқар Азияның ірі сауда орталығы болып саналады. Қай уақыт болмасын қашқар базарларында адам санында шек болмайды.

Қайта жаңғыру кезінде Қашқар қаласы біраз қиындықтарды бастан кешті. Дәстүрлі ұйғыр халқының үйлері мен көптеген базарлар қиратылды. Бірақ та қалада Мао Цзэдун мүсіні тұрғызылды. Екі жолақты трасса жолы мен Синьцзян-Ұйғыр автономиясының астанасы Үрімші қаласымен байланыстыратын темір жол вокзалы салынды.

Қала тұрғындарының 90%-ы ұйғыр ұлтының өкілдері. Халық мұсылман дінін ұстанады. Қалада бірқатар мешіттер бой көтерген. Қашқар жерінің табиғаты өте жайлы. Сондықтан болар, халық саудамен қатар, ауыл шаруашылығымен айналысады. Бау-бақша, мақта-мата мен астық өнімдері үлкен сұранысқа ие. Қала шетінде жез-мыс өндіру кен орны бар.

Қытайдағы ең үлкен мешіт Қашқарда орналасқан. VIII ғасырда негізі қаланып, 1442 жылы қайта салынған Ид Ках мешіті (кей деректерде «Айтига» деп көрсетіледі) қаланың басты көркіне айналды. Қашқар әміршісі Абах Қожа мен оның немере қызы Іләрхан атындағы мавзолейіне діни мерекелер мен жұма күндері жамағат көптеп ағылады.

Қашқар қаласының ескі аудандарын аралаған кезде көне дәуірге түскендей күйде боласыз. Көне ғимараттар орналасқан бұл аудандардың жасы шамамен 500 мың жыл. Ескі аудандарды аралап, жаңа аудандарға табан тіреген кезде қаланың заманауи бағытта дамып келе жатқандығын аңғаруға болады.

Қалада такси қызметі 5 юаньды құрайды. Әр екі күн сайын Үрімші қаласына тұрақты түрде пойыз, ал күн сайын тікелей рейспен Үрімшіге ұшақтар қатынайды.

Қашқардың қолдан жасалған бұйымдары Қытайда ғана емес, күллі әлем бойынша үлкен сұранысқа ие. Ұлттық нақышта тігілген киімдер, тұрмыс-салт бұйымдары, оқа-әшекейлер, музыкалық аспаптарды қала базарларынан табуға болады. Ең бастысы, Қашқар базарларында саудаласуды ұмытпаңыз!

Суреттер: http://umeda.ru, http://ru.showchina.org

8078 1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 03 сәуір 2012, 13:44
Пікірлер
+0
07 сәуір 2012, 16:54

аты шулы калагой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...