Қытайдағы гүлдерден жасалған таңғажайып жануарлар

Қытайдағы гүлдерден жасалған таңғажайып жануарлар

Челсидегі гүлдер фестивалі өткен күндердің еншісінде қалып, ендігі кезекте гүлдердің эстетикасы мен бағбаншылық фанаттары Қытайға аттана берсе болады. Себебі қазір Қытайдағы Шаанси солтүстік-батыс провинциясының астанасы Сиан қаласында бағбаншылық ісіне арналған халықаралық көрме өтіп жатыр. Көрмеге келушілер бұл жерден топиар өнерінің, яғни табиғи жаратылыс пен адам ойының ұшқырлығын біріктірген ағаштар мен бұталардың белгілі бір жануарға "айналу" кереметін тамашалай алады.

Көрме экспонаттарының арасында Қытайдың ұлттық жануарлары, жапон тырнасы мен маймылдарды да көруге болады.

1. Көптүстілік: көздің жауын алатын гүлзардың ішіндегі таңғажайып өсімдіктер скульптурасы.

2. Сондай-ақ мұнда Қытай елінің ұлттық символына айналған алып панданы да кездестіреміз.

1

Көрмеге келген туристерді таң қалдырған да осы баласын ерткен алып панданың топиарлық бейнесі. Одан бөлек топиаршылар гүл алқабының ортасынан сиыр мен пілдердің үштігін де жасап шыққан екен.

Топиар өнерінің негізі болып металл қаңқасына отырғызылған өсімдіктерді кейін белгілі бір декоративті формаға сәйкестендіру мақсатында оны өңдеу жұмыстары саналады.

Көрме биылғы жылдың сәуір айында ашылып және де ол алты бойы келушілерді қабылдайтын болады. Көрмедегі топиар өнерінің жауһарларын тамашалау үшін Сиан қаласына он екі миллион турист келеді деп жоспарланған екен.  Жалпы Сиан қаласы Қытайдағы ең бір танымал тарихи орындардың бірінен саналады. Оған себеп те жоқ емес. Қалаға жақын жерде 1974 жылы қытай императоры Цинь Шихуанди табытымен бірге табылған 8099 толық терракоталық қытай жауынгерлері мен жылқыларының мүсіндерін біріктірген «Терракоталық әскер» аталған жер бар.   

3. Бұл көрмедегі келушілерді қызықтырған тағы да бір гүл мүсіні – ол сиырға тиесілі.  

2

2011 жылы мамыр айында Челсиде өткен Гүлдер шоуы мен кореялық Hae-woo-so бағында да қызықты экспонаттар кездескен болатын. Мысал ретінде айта кетсек, ол кезде онда әжетхана кабинасы да бейнелеген еді.  

Ал алтын медальға ие болған Диармуд Гэвиннің Ирландиялық аспан бағы болса қарапайым қыш құмыраға отырғызылып ашық сарғыш түске боялған ағылшын өсімдіктерінен құралған еді. Таиландтағы экспозиция толығымен гүлдерден құралған пілдер мен айдаһарлардың бейнесінен тұрған болатын.  

4. Назарларыңызда мамыр айында Челсиде өткен Гүлдер шоуының тағы бір экспонаты гүлдерден жасалған піл.

3

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: relax.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тұмаудан қалай сақтану керек?
Тұмаудан қалай сақтану керек?
Назарбаев университеті репетитор-студенттерге арналған қазақстандық жобаны қолдады
Назарбаев университеті репетитор-студенттерге арналған қазақстандық жобаны қолдады
2 мың жыл бұрын салынған мысықтың суреті табылды
2 мың жыл бұрын салынған мысықтың суреті табылды
2021 жылы оқушылар қашықтан оқи ма?
2021 жылы оқушылар қашықтан оқи ма?
Нұр-Сұлтанда футзалдан жаңа клуб құрылды
Нұр-Сұлтанда футзалдан жаңа клуб құрылды
ER-BATYR. Дәрігер Киреев коронавирустың екінші толқыны мен фармкомпаниялардың лоббиі туралы айтады
ER-BATYR. Дәрігер Киреев коронавирустың екінші толқыны мен фармкомпаниялардың лоббиі туралы айтады