Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Саяхаттауға арналған ең арзан елдер

Саяхаттауға арналған ең арзан елдер

Саяхаттауға арналған ең арзан елдер

Саяхат және саяхаттауға арналған жерлер туралы әңгімелеуді жалғастырамыз. Бүгін сіздерді туристер үшін ертегі бұрышына айналған – өмір сүру үшін ең арзан жерлермен таныстыратын боламыз. Кім білсін, сіздің жолыңыз ертегі әлеміне түсіп қалар...

• Тайланд 

Бұл таңғажайып ел ниет білдірген кез келгенді бауырына баса алады. Әсіресе, табиғаты таңдай қақтыратын Чанг Мэй аталатын өлке ешкімді жатырқамайды. Бұл жерден айына 30$ төлеп тұратын жанға жайлы бөлме таба аласыз. Мұндай баспаналар жағалауға жақын жерден орналасады.

Тағамдар мен сусындарды да қалтаңыз көтере алады. Әсіресе, ет, көкөністер мен жемістер қолжетімді келеді, оларды жергілікті базарлардан таба аласыз. Аспаздыққа деген ебіңіз болмаса, санаулы тиынға балапан еті, күріш пен кеспеден дайындалған дайын түскі асты сатып алуға мүмкіндік бар.

• Камбоджа 

Бұл жерде әжептеуір баспананың қожайыны болу үшін 200$ ақша жұмсайсыз. Әрине, бұл ауыз толтырып айтарлықтай арзан да емес, дегенімен, екі адам бірге жалдап тұрсаңыздар, әжептәуір үнемдеуге болады. Камбоджада мейрамханада тамақтанамын десеңіз, 2$ көлемінде, жергілікті дәмханаларға кіремін десеңіз, 1$ көлемінде ақша жаратасыз.

• Филиппин

Аталған экзотикалық мемлекет адамдарды қалтасына қарап қарсы алады десек артық айтқандық емес. Өйткені, мемлекеттің алып қалаларынан пәтер жалдау құны 360$-ды құрайды. Алайда, Филиппиннің туризм саласы жақсы дамыған, шағын дүкендері мен гольф алаңдары, құмды жағалауы бар Себу қаласына ат басын тіресеңіз, пәтер бағасы бірден 150$-ға түсе қалады.

Ал Damaguete сынды шулы қалаларда 40$-ға баспана табуға әбден болады. Тағамдар да қолжетімді келеді. Барлық ішіп-жеміңізге 200$ жеткілікті.

• Коста-Рика 

Көрінісі көз тартар Коста-Риканың 12-ге жуық әртүрлі климаттағы ауданы бар. Елдің қайталанбас табиғаты мен мәдениеті және өте арзан бағадағы "өмірі" туристердің көңілінен шығып отыр. Кез келген талғамдағы жер бөлімшелерін де оп-оңай таба аласыз.

Сан-Хоседегі бағалар да төмен саналады. Бұл жерде армансыз, шалқып өмір сүремін десеңіз серігіңізбен бірге айына 500-600$-ға үлкен үйді жалдап тұра аласыз. Ал қаладан 75 шақырым жердегі үйлерді 250$-ға жалдауға болады. Мейрамханадағаы экзотикалық асхана бар болғаны 4$ ақшаны талап етеді. Базардан азық-түлік алып, асыңызды үйде дайындаймын десеңіз, 50 центтің өзі жеткілікті.

• Белиз 

Мәңгілік сұлулық пен дайвинг сүюші туристерге Белиз жеріне аттануға кеңес береміз. Бұрынғы жылдары британдық Гондурас аталған мемлекет 1981 жылы тәуелсіздігін алған. Белиздегі бай әрі көрікті табиғат, субтропикалық климат, жағалау сызығы – бәрі де алаңсыз демалыс үшін қызмет етеді. Әсіресе, өзінше бай жануарлар мен өсімдіктер әлемі, жаңалау рифтері сізді бірден баурап алады.

Мұнда бір ай өмір сүру үшін 500$ ақша толықтай жетеді. Оның 300-і Кайо ауданындағы пәтерді жалғыз жалдауға (достарыңыз  болса бөліп төлейсіз), 200-і тағам мен көңіл көтеруге кетеді. Азық-түлікті өзіңіз сатып алып, үйде дайындайтын болсаңыз, мейрамханаға кеткен ақшаны үнемдеуге болады.

 
Саяхатыңыз сәтті өтсін!

Суреттер: votpusk.ru,ohhplanet.com, ruscosta.com, borissmirnov.livejournal.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

1531 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 27 маусым 2013, 17:34
Пікірлер
+0
27 маусым 2013, 18:08

барғым-ақ келет.қасыма ертетін адам жоқ бәрібір. :| кәмелеттік жасқа толмаған қандай жаман :roll:

+0
27 маусым 2013, 19:08

Керемет!!! Сөз жоқ ;)

+0
27 маусым 2013, 21:28

болады екен баруға

+0
28 маусым 2013, 00:23

кашан барады екенмин осындай керемет жерлерге

+0
28 маусым 2013, 07:50

Жол ақысымен біраз болады иа. Шет елге барғым келеді, бірақ мен ыстықты көп ұнатпайм

+0
28 маусым 2013, 11:36

Тайландтан басқа жерлер өте танымал емес, бірақ арзан әрі әдемі болса баруға болады

+0
02 шілде 2013, 19:09

керемет!! не деген ап-арзан :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...